ОТБАСЫ-ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ

0

«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.

Ата-ана мен сынып жетекшілер, мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қызығушылығын ояту, ата-аналарды сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ата-аналардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында «Ақтоғай» орта мектебінде сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі С.Сапахованың ұйымдастыруымен 2-3-4-5 сынып ата-аналары Әбдіқадыровтар отбасы, Оразымбетовер отбасы, Әмірхановтар отбасы және Қалымбетовтар отбасыларының қатысуымен «Менің отбасым» отбасылық сайыс өткізілді. Сайыс бес бөлімнен тұрады. Таныстыру, Өз өнерін көрсету, Ойын (сергіту сәті), Ас мәзірі (үй тапсырмасы)

Сайысқа қатысқан отбасылар өз өнерлерін көрсетіп, Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлақтарға ие болды.

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы  «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғалым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді, басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек.

Б.Тайкешова, «Ақтоғай»орта мектебінің педагог ұйымдастырушысы

Үйге жақын жерде қызмет атқару

Жамбыл облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарына әскерге шақырылушыларды іріктеу принципіне бір ғана, бірақ аса маңызды өзгеріс енгізілген.

Осы жылдан бастап  Жамбыл облысында мерзімді әскери қызмет атқару үшін іріктеуден өткен және жарамды болып танылған әскерге шақырылушылар өздерінің үйлерінен алыс емес жерде, өз облыстарының аумағында  Отан  алдындағы  борышын өтейді.

Қазіргі таңда мемлекетімізде мерзімді әскери қызметке  шақыртудың аумақтан тыс принципі ары қарай жалғастыруда. Яғни әскерге шақырылушылар өздерінің облыстарынан тыс мемлекетіміздің басқа өңірлеріне қызмет атқаруға кетеді. Алайда, болашақ шекарашыларға бұл принцип енді қолданылмайды. Жамбыл облысынан шақырылған жастар үйден бір қадам дерлік жерден қызмет атқаратын болады.

Әскерге шақырылушылар қатардағы іріктеуден өткен жас сарбаздар ең алдымен Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының базасында орналасқан техникалық және кәсіби даярлау бөліміне оқуға жіберіледі.

Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы – бұл заманауи ғимараттары, құрылыстары мен казармалары бар, тамақтану мен медициналық  қамтамсыз етуді  ұйымдастырудың жоғары деңгейі бар үлкен әскери қалашық. Оқу орталығының  оқытушылары мен нұсқаушыларының құрамын тәжірибелі офицерлер мен кәсіби дайындықтары  жоғары келісімшарт бойынша әскери қызметшілер құрайды.

Үш айлық оқу курсынан кейін, ары қарай әскери қызметін жалғастыру үшін сарбаздар Жамбыл облысында орналасқан шекара бөлімшелеріне бөлінеді. Шекарадағы қызмет ерекше, күрделі және әскери қызметшілерден үлкен жауапкершілікті, моральдық және физикалық күштерді қажет етеді, ал үйге жақын жерде қызмет ету мүмкіндігі сазбаздарға жан тыныштығы мен тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Әрі сарбаздың ата-аналары  ұлына жиі келіп, оны көріп тұралатын болады.

Айта кеткен жөн, қазіргі өзгеріс жаңалық емес, ескі қалып кеткен принципті жаңғырту болып табылады. 2009 жылға дейін  ҚР ҰҚК Шекара қызметіне іріктеу дәл осылай жүргізілген еді.  Шекарашы-сарбаздар өздерінің туған жерлерінде қызмет атқарған.

Өздеріңіз білетіндей, әскерге шақыру әрқашан да Шекара қызметіне іріктеуден басталады. Жыл сайын бір шақыру науқанына Жамбыл облысынан 300-ге жуық жас жеткіншектер Шекара қызметінің қатарына  қабылданады. Туған жерінде, өз үйінің жанында қызмет өтегісі келетін жігіттердің саны көбейеді және көптеген ер азаматтарымыз таңдалғандардың қатарына кіруге тырысатын болады деп ойлаймыз. Алайда шекарашылардың қатарын іріктеу бұрынғыдай мұқият жүргізілетін болады, атап айтқанда: өмірбаяндық деректер, физикалық және моральды-психологиялық жағдайы, сондай-ақ жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге дайындығы егжей-тегжейлі зерделенеді.

Сонымен қатар, мерзімді әскери қызмет аяқталғаннан кейін сарбаздарда  келісімшарт бойынша әскери қызметке қалу мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің ең төменгі жалақысы 200 000 теңгені құрайды, ай сайын тұрғын үйді жалға алу өтемақысы  төленеді, жыл сайынғы демалысқа шыққан кезде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай қаражат төленеді, медициналық тұрғыда тегін қамтамасыз етіледі және 47 жасқа  толғаннан кейін зейнетке шығу көзделген.

Сондай-ақ қызмет өткеру барысында сарбаздардың ҚР ҰҚК Шекара академиясына және шет елдердегі басқа да жоғарғы әскери оқу орнына түсу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметті өткерген және өзін жақсы жағынан көрсеткен азаматтар Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігіне ие бола алады.

Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі.

ХАБАРЛАМА

«Sarysý» газетінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №5 санында жарияланған СаII-орталықтар туралы Сарысу ауданы әкімі аппаратының хабарламасындағы:

Сарысу ауданы әкімі аппаратының жанынан құрылған СаII-орталықтағы жауапты маман Адамбеков Адилет Адилхановичтің орнына Нурланова Дилназ тағайындалды.

Сарысу ауданы әкімінің аппараты

СООБЩЕНИЕ

В сообщении акимата Сарысуского района о Саll-центрах, опубликованном в номере №5 от 25 января 2023 года газеты «Sarysý»:

Ответственным специалистом в СаІІ – центре, созданном при аппарате акима Сарысуского района, вместо Адамбекова Адилета Адилхановича была назначена Нурланова Дилназ.

Аппарат акима Сарысуского района

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 

ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалуына байланысты аудандық сайлау комиссиясында сайлаушылар үшін сайлауға қатысты қажетті ақпарат алуға арнайы Call-орталық құрылды.

Call-орталық  орналасқан  мекенжайы Call-орталық  байланыс нөмірі
Жаңатас қаласы,

1 шағынаудан,

Бейбітшілік көшесі №25,

Жаңатас қаласы әкімі аппаратының ғимараты

 

8 (726-34) 6-20-25

СООБЩЕНИЕ Сарысуской районной территориальной избирательной комиссии

В связи с назначенными на 19 марта 2023 года внеочередные выборы Мажилиса Парламента и депутатов маслихатов Республики Казахстан в районной избирательной комиссии создан специальный Call-центр, где  избиратели могут получить необходимую информацию о выборах.

Месторасположение Call-центра Контактные номера

Call-центра

 

город Жанатас, 1 микрорайон,

ул.Бейбитшилик №25,

здание аппарата акима города Жанатас

 

8 (726-34) 6-20-25

ХАБАРЛАМА

«Sarysý» газетінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы № 6  санында жарияланған  учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы Сарысу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының  17 ақпандағы    № 27 шешімімен  №383 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Шайлазым Қанат Шайдахметұлының орнына Үйсінбай Азамат Мұратұлы, Тажибаева Лаззат Жакеновнаның орнына комиссия мүшелері болып Мамедов Абил Вали Оглы тағайындалды.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясы

СООБЩЕНИЕ

ообщение Сарысуской районной избирательной комиссии о составе участковой избирательной комиссий опубликованное в газете «Sarysý»  28 января 2023 года в номере №6.

Решением Сарысуской районной избирательной комиссий  №21 от 17 февраля 2023 года вместо членами участковой избирательной комиссий №383 Шайлазым Қанат Шайдахметұлы, Тажибаевой Лаззат Жакеновны членом комиссии назначены  Үйсінбай Азамат Мұратұлы, Мамедов Абил Вали Оглы.

Сарысуская районная избирательная комиссия

Leave A Reply

Your email address will not be published.