АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Мен, Пірімбек Мадина Қайратқызы, 1992 жылы 23 қазанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келдім.
2012 жылы Жаңатас көпсалалы колледжін «Есептеу техникалары құралдарын бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша және 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бойынша жұмыс жасап бастадым.
2013 жылдың қаңтар-тамыз аралығында «Жастар денсаулығы орталығында» оператор болып, 2013 жылдың тамызынан аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінде маман, 2015 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты болып жұмыс атқарып келемін. 2013-2016 жылдар аралығында партияның аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының жетекшісі болдым.
«AMANAT» партиясының «Белсенді еңбегі» үшін төсбелгісінің иегерімін. Тұрмыстамын. 3 бала тәрбиелеудеміз.
№ 4 сайлау округінен Сарысу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Прімбек Мадина Қайратқызының
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қадірлі сайлаушылар!
«Жаңашылдық-заман талабы» демекші қазіргі уақыттағы жаңару мен жаңғырудың жолына түскен Жаңа Қазақстанды құру жұмыстарына атсалысу басты мақсатым.
«Ауыл-ұлтымыздың ұйытқысы»
Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені – ауыл болғаны анық.
Көсегенің Көк жонында орын тепкен Түркістан ауылдық округі негізінен ауыл шаруашылығы дамыған, оның ішінде еліміздегі егіншілік кәсібінің негізгі бағыты астық шаруашылығы, дәнді-дақылдар егу жүйелі жолға қойылған өңір болып табылады.
— Осы орайда, осы егілген егінді одан әрі өндіру саласының дамуына қолайлы жағдай жасау үшін жаңа және ұтымды ұсыныстар керек.
— Бұл шаралар өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.
Осылайша, бес жылдан кейін ауданымыздың игілігі үшін жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының әл-ауқаты артатын болады.
«Су-тіршілік көзі»
— Елдімекендердегі су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау басты назарда болады.
— Атап айтқанда, Строитель саяжайына ауыз су тарту туралы,
— Үшбас ауылына ауыз су тарту жұмыстарын жүйелі жүруін басты назарға алу.
«Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі» Ауданымыздағы әрбір жастың жастық жалыны мен жігерін дұрыс бағытта қолдану, еңбек тиімділігін арттырары сөзсіз.
Жалпы, ауданымызда білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы өзекті мәселе.
Осыған байланысты «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасын қайта қарауға ұмтылатын боламыз. Атап айтқанда, төлемдер мөлшерін ұлғайту арқылы қажетті жас мамандарды тарту, оларды баспанамен қамту (қызметтік пәтерлермен қамту) жұмыстарын жүйелі түрде жолға қою арқылы кадр жетіспеушілігін біртіндеп шешеміз.
-«Әулиеата» тұрғын үй бағдарламасы аясында жас отбасылардың тұрғын үймен қамтылуына қолдау көрсету;
«Әлеуметтік қамқорлықты күшейту»
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қол жеткізу.
Әлеуметтік осал топтың өкілдері әрқашанда қоғамның қамқорын сезіну керек, сол себепті осы санаттағы тұрғындарға көмек көрсету басты назарда.
«Инфрақұрылымды дамыту — өмір сүру сапасын жақсарту»
Қоршаған ортаны қорғау, елдімекендерде жайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру мен абаттандыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, елдімекендер тазалығына көңіл бөлу жұмыстарын жүргізу басты назарда.
— Жаңатас қаласындағы көшелердің ішкі жолдарын жөндеу және күтіп ұстау.
Ұлттық болмыс пен жаһанда-ну үдерісінің арпалысында халқымыздың ұлттық танымына арқау болған құндылықтарды игере білу, насихаттау – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы деп білемін.
— Арыстанды ауылына клуб және кітапхана үйлерін соғу жұмыстары басты назарда.
Құрметті сайлаушылар!
«Патриотизм туған үй мен туып өскен өңірден басталады», менің ең басты мақсатым – туған жеріме қызмет ету.
Бізді біріктіретін ортақ мақсат — әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру.
Біздің және ауданымыздың болашағы әрқайсымызға байланыс-ты.
Сондықтан мен Сіздерді сайлау учаскелеріне келіп, балаларымыз бен ауданымыздың жарқын және жайлы өміріне дауыс беруге шақырамын.
Біз өз күшімізді біріктірген жағдайда ғана кез келген қиындықтарды жеңе аламыз.
Тұрақтылық пен орнықты дамудың негізі — бірлігіміз бен тірлігіміз жарассын!
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Сатов Қанат Серікбекұлы 1983 жылдың 3 қыркүйегінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында (қәзіргі Саудакент ауылы) дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі-жоғары. Ұлты-қазақ.
2000 жылы Б. Адамбаев атындағы орта мектебінің түлегі. 2000-2003 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы медициналық колледжінің емдеу-ісі мандығын аяқтаған. Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Жаңатас қаласында аудандық орталық ауруханасының наркология бөлімінің мейіргері мамандығымен бастаған. 2008-2009 жылдары Саудакент ауылы жедел жәрдем станциясының фельдшері болып жұмыс атқарған. 2009- 2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының «Қоғамдық денсаулық сақтау» маманы бойынша аяқтаған. 2015-2022 жылдары дәрігер эпидемиолог мандығы бойынша қызмет жасаған.
Қазіргі таңда Сарысу аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары ретінде қызмет атқарады.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№1 сайлау округінен Сарысу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Сатов Қанат Серікбекұлының бағдарламасы
Менің басты мақсатым, Сарысу ауданының тұрғындарының, әрбір азаматы үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау, өмір сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында, күш-жігерімді аудан тұрғындарының сапалы медициналық көмек алу бойынша нақты шешімдер қабылдануына ықпал ету:
- Жаңатас қаласынан жаңа аурухана, емхана салынуын іске асыру бағытында жұмыс жасау.
- Аурухананың техникалық базасын жақсартуға, яғни бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға гемодиализ құрылғысын, компьютерлік томограф құрылғысын орнатуға, денсаулық саласына қажетті автокөліктердің алынуларына ықпал ету.
- Ауданға қажетті білікті дәрігерлерді аудан ауруханасына тарту, ауданда қызмет атқаратын дәрігерлердің біліктілігін арттыру, оқыту іс-шараларына бағытталады.
- Аудан тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту мақсатында, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында «Салауатты халық» жобасын жүзеге асыру. Дені сау қоғам құру мақсатында, жұмыс жасау.
Бас ми қан айналымының жіті бұзылыстарының алдын алу Жүрек қан тамыр ауруларын ерте анықтау, Ерлер денсаулығын нығайту, Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау, алдын алу Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау және алдын алу, дұрыс тамақтануға ересектер мен жас-тарды тәрбиелеу.
Ересектердің арасында нашақорлық, ішімдік ішу, темекі тарту зиянды әдеттердің алдын алу.
8)Ересектердің және балалар мен жасөспірімдер арасында қан диабетінің алдын алу
5.Денсаулық сақтау мектептерінде көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру, жұмысын жандандыруға жұмыс жасау:
1)Балалар мен жасөспірімдерге тазалықпен спорт денсаулық кепілі екенін тереңдетіп оқыту, ақпараттандыруларын арттыру.
2)Жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының арасындағы суицидтің алдын алу
3)Жасөспірімдер арасында нашақорлық, ішімдік ішу, темекі тарту зиянды әдеттердің алдын алу.
4)Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
5)Жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының арасындағы суицидтің алдын алу
6.Қазақстан Респуликасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс. Халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту, қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.
7.Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің аудан тұрғындарының күнделікті тұтынатын, қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыру саясатын жүзеге асыруды басты назарда ұстау.
8.Ауданымызда жастар арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында, ауданымыздағы ірі кәсіпорындарға жастарды мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыруға, жастарды кәсіпкерлікке тартуға, жастардың кәсіпкерлікті бастауға арналған төмен пайыздық несие алуларына ықпал ету.
9.Жастар – біздің болашағымыз. Елбасының халыққа жолдаған әрбір Жолдауында келешегіміз жас ұрпақты білімді, мәдениетті, денсаулығы мықты, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеудің жолдары көрсетіледі. Қазіргі таңда өмірге көзқарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Соған байланысты, аудан жастарының қылмысқа баруының алдын алу мақсатында, тиісті жергілікті органдармен бірігіп жұмыс жасау.
Аталған іс-шаралардың аудан тұрғындарына маңыздылығын ескере отырып, өз тарапымнан, осы жұмыстардың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен біріге отырып, осы бағдарламаның толық- қанды жүзеге асуына ықпал етемін.
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Мен, Мухашев Тыныбай Жантөреұлы 1980 жылы 6-шы сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жаңа-Қазалы станциясында дүниеге келгенмін.
1997 жылы Жаңатас қаласы М. Ауезов атындағы орта мектепті бітіріп, 1998-2000 жылдар аралығында Алматы қаласындағы И.С.Конев атындағы әскери академияға қатардағы жауынгер болып әскерге қабылдандым.
Білімім жоғары 2001-2006 жылдар аралығында Алматы қаласындағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, транспорттық технологиялар факультеті, инженер-механик мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2008 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ ұлттық академиясының «Жүк тасымалын ұйымдастыру» кафедрасында лаборатория меңгерушісі болып бастадым.
2009 жылы сол мекемеде стратегиялық даму бөлімінің бас маманы.
2010-2015 жылдар аралығында Жаңатас №5 колледжінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы, автокөліктерге қызмет көрсету және пайдалану пән оқытушысы. 2015-2020 жылдар аралығында КФФ компаниясы «Қаратау» тау-кен өндірісінің «Көк-су» кенішінде бақылаушы шебер, Автомобиль механикалық жөндеу цехында механик.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қазфосфат» компаниясы «Қаратау» тау-кен өндірісінің атқарушы директорының қоғаммен байланыс және еңбек қатынастары жөніндегі кеңесшісі.
Мен «AMANAT» партиясының мүшесімін.
Үйленгенмін, бір қыз, үш ұлым бар.
САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА № 6 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША КАНДИДАТ МУХАШЕВ ТЫНЫБАЙ ЖАНТӨРЕҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер!
Мақсатымыз – әділ Жаңа Қазақстан құру жолында өзіме бірқатар міндеттер қойдым. Оларды шешу аудандық мәслихат депутаты ретіндегі қызметімнің басты бағыттары болады.
- Сарысу ауданын газдандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуіне ықпал ету;
- «ҚазЦемТрайнинг» ЖШС-нің цемент завод құрылысына Бүркітті елді мекенінің тұрғындарының наразылығы бойынша мәселенің оң шешімін табуға атсалысу;
- Бүркітті, ГРП, МЭЗ ықшам аудандарында кейбір көшелерде кәріз жүйесінің құрылыстары дұрыс жүргізілмегендігіне байланысты тұрындардың арыз-шағымдарының оң шешімін табуға ықпал жасау ;
4.2024-2026 жылдар аралығында Абай атындағы орта мектебін күрделі жөндеуден және модернизация өткізу. Абай және Қонаев атындағы орта мектептерінің жылыту қазандығын табиғи газ жүйесімен жабдықтауды жүзеге асыру;
- 2024 жылы-К.Байсейтова, А.Порох, И.Панфилов, Қ.Сатпаев, С.Есова, А.Жангелдин, А.Кастеев. 2025 жылы – М.Маметова, Т.Басенов, Ш.Әлжанұлы 2026 жылы – А.Оразбаева, 16 шағынаудан көшелеріне орташа және күрделі жөндеу жүргізу;
- 2023 жылы – Панфилов, Порох, Мади, С.Есова, Нұрпеисова, Басенов, Бигельдинов, Құрманғазы, Ш.Әлжанұлы, Алтынсарина, Ш.Датқа, Клочков, Бижанов.
2026 жылы-Ш.Датқа, Мұратбаев, Байсейтова, А.Оразбаева, И.Тайманұлы, Қ.Сатпаев, С.Сейфуллин көшелерін жарықтандыру;
- Бүркітті, ГРП, МЭЗ ықшам аудандарында стрит-воркаут тартан жабыны бар алаңдар және балалар ойын алаңдарының санын көбейту;
8.Шағынауданда тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын қолға алу;
Жоғарыда айтылған мәселелерді ауданның экономикалық-әлеуметтік даму жоспарына енгізуге ықпал жасайтын боламын.
Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстанда жойылуына, халқымыздың бірлігін нығайтуға ұмтылатын боламын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен Сарысу өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін!
Азаматтық қоғам бірге қалыптастырайық !
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Смайлов Абай Жакелұлы 1969 жылы 20 қыркүйек айында Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келді.
Ұлты-қазақ. Білімі арнайы орта. Партияда жоқ.
1976-1984 жылдары Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылындағы «КПСС XXII партсъезд» атындағы 8 жылдық мектебінде оқыған.
1984-1989 жылдары Байқадам селосындағы №19 кәсіптік- техникалық училищесінде оқып, кәсіптік білім алып шыққан. 1987-1989 жылдары аралығында Кеңес армиясы құрамында әскери борышын өтеген.
1992-1995 жылдары Шымкент совхозтехникумын «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша, 2001-2004 жылдары Талдықорған Заң колледжін « Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінде күзет бөлімінің қызметкері болып бастаған. 2012 жылға дейін осы салада үздіксіз қызмет жасап, капитан шенінде зейнетке шыққан.
А. Смайлов ішкі істер саласында түрлі қызметтер атқарды. Атап айтқанда, 1990-1995 жылдары Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінде, 1996-1997 жылдары Сарысу ауданы бойынша Мемлекеттік Тергеу Комитетінде, одан кейінгі жылдары Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінде зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарған.
Қазіргі таңда жеке кәсіппен айналысады.
Отбасылы, 2 ұл тәрбиелеп өсіріп отыр.
Жұбайы Абдыхалықова Гүлзира Мысықбаевна, Саудакент ауылдық дәрігерлік амбулаториясында медбике қызметін атқарады.
Марапаттары :
- «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі
- Жамбыл облысы ішкі істер органдарымен ішкі әскерлері ардагерлер ұйымының төс белгісі.
- Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің «Ар –Намыс, Абырой» төс белгісі.
- «Советтік милициясына 100 жыл» медалі.
№ 10 Сайлау округі бойынша Сарысу аудандық маслихаты депутаттығына үміткер Смайлов Абай Жакелұлының сайлауалды бағдарламасы
Елдің үкілеген үмітін арқалау, көпшілік сеніміне ие болу — мен үшін зор құрмет, үлкен жауапкершілік.
Аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер ретінде, Сіздердің қолдау көрсетулеріңізбен ауылымыздың экономикалық – әлеуметтік жағдайының дамуына, аянбай еңбек ету міндетінің жүктелетінін бар болмысыммен сеземін.
Сіздер сенім білдіріп, маған өз дауыстарыңызды берген жағдайда Жаңаталап және Жаңаарық ауылдық округтерінің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға бар күш-жігерімді, білімімді және бойымдағы тәжірибемді жұмсаймын.
Әріптестеріммен бірлесе отырып, өзекті деген мәселелерді атқарушы органдардың алдында көтере отырып, заң талаптарына сай, заң аясында шешілуіне ықпал ететін боламын.
Егер мен Жаңаарық ауылдық округінен депутат болып сайлансам, мына төмендегі мәселелерді шешуге баса назар аударып, бар күш-жігерімді саламын:
1.Ауыл жастарының спорт түрлерімен шұғылдануы мақсатында Жаңарық ауылдық округіндегі Ақтоғай ауылына жабық спорт ғимаратын салуға және осы Ақтоғай ауылынан ауыл ардагерлері бас қосатын арнайы Ардагерлер үйін салуға ықпал ету;
Ақтоғай ауылынан жастарға арналған саябақ орнатуды қолға алу;
Ақтоғай ауылындағы Талдыбұлақ өзенінің арғы бетінде орналасқан үйлердегі тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін өзен үстінен шағын көпірлер салу;
- Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ұзақбай Сыздықбайұлы ауылындағы өзеннің тоғанын күрделі жөндеу, тасқын суға бұзылмайтын тоған жасау;
3.Жаңаталап ауылдық округіндегі Ұйым ауылына егін суаруға арналған су жүйелерін дұрыстау, су жүретін сораптар (лоток) салу; Бұл жұмыстарды мүмкіндігінше тездетіп қолға алу;
Ұйым ауылындағы егіс алқаптарын толық суландыру үшін «Сарыөзек» каналына бетонды науалар салу жұмыстарын мүмкіндігінше тездету;
Ұйым ауылының көшелерін толық жарықтандыру.
Осы Ұйым ауылы тұрғындарының жеке малдарының ауыл маңындағы жайылымдық жерлерін кеңейту, еркін жайылуына мүмкіндік жасау.
- Жаңаталап ауылдық округіндегі Жаңаталап ауылындағы егістіктерді суаруға арналған ішкі сораптарды (лоток) ішінара жөндеу.
Осы Жаңаталап ауылы маңындағы «Бекен» жарма арығы арқылы су жиналатын орынның (канал) тоғанын жөндеу. Ауыл тұрғындарының есігінің алдындағы қосалқы шаруашылықтарын, бау-бақша дақылдарын суғару үшін «Шахан» арығын қалпына келтіру.
Жаңаталап және Жаңаарық ауылдық округтеріндегі елді мекендердің санитарлық тазалығын қадағалау, көріктендіру және көгеріштендіру жұмыстарын қолға алу;
- Ауылдық ардагерлер кеңесі және ауылдық қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, ауылдық округтардағы ең өзекті деген мәселелерді шешу жолдарын қарастыру; Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың жағдайларын басты назарға алып, мәселелерін шешу;
- Ауылдық учаскелік полиция өкілдерімен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, құқықбұзушылықтың алдын алу;
- Ауылдық елді мекендердегі жас-тар мәселесіне көңіл бөлу, жұмыссыз жүрген жастардың жұмысқа орналасуына ықпал ету;
- №11 Сарысу колледжіне арнайы заманауи зертханалық кабинеттер ашуға ықпал ету және жатақхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Күнделікті туындаған мәселелерге тиянақты қарау.
- Ақтоғай және Ұ. Сыздықбайұлы ауылдарына жаңа клуб үйлерін салуға ықпал ету;
- Жаңаарық және Жаңаталап ауылдық округтеріндегі көшелердің жағдайын бақылауға алып, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету;
- Күнделікті туындаған мәселелерге тиянақты қарап, заң аясында шешу;
Мен сіздерге үміт артам!
Сіздер маған сенім – міндет артыңыздар.
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Жұмәділ Бақытжан Рысдәулетұлы 1993 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі- жоғары.
2013 жылы Тараз «Парасат» колледжін, 2020 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін спорт және дене шынықтыру мамандықтары бойынша бітірген.
2016 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Абай атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді.
2018 жылы Ақтөбе қаласында парадзюдодан өткен спартакиадада III орын, 2019 жылы Қазақстан Републикасының парадзюдодан өткен чемпионатының III орын, 2020 жылы Шымкент қаласында өткен парадзюдодан Қазақстан кубогының I орын, 2021 жылы Қызылорда қаласында өткен халықаралық парадзюдодан I орын, 2021 жылы Астана қаласында өткен парадзюдодан Азия чемпионатының I орын, 2022 жылы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан кубогының II орын иегері атанған. 2023 жылы қайырымдылық акцияларының ұйымдастырушысы.
№ 5 Сайлау округі бойынша Сарысу аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Жұмәділ Бақытжан Рысдәулетұлының сайлауалды бағдарламасы
- Жастарды отансүйгіштікке, кішіпейілділікке және спортқа тәрбиелеу менің алға қойған мақсатым.
- 5-ші шағын ауданға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Қиыршық тас жолын салу мәселелерін шешу
- 5-ші шағын ауданға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу, газбен жабдықтау мәселелерін қарастыру
- 5 «А» шағын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы мен газбен жабдықтау жүйесі мәселелерін шешу
- 5 «А» шағын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы. Су жүйесімен жабдықтауды шешу
- 5 «А» шағын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы мен электр желілерімен жабдықтауды шешу
- 6-шы шағын ауданға спорттық-жаттығу алаңдарын орнату мәселелерін қарастыру
- Жаңатас қаласындағы 6 ықшам ауданы №15 көп қабатты тұрғын үйді жаңғырту мәселелерін қарастыру
- 5-6 шағын аудандарында көшелер мен қоғамдық орындарға бейнебақылау камераларын орнату мәселесін қарастыру.
- 80 пәтерлі жаңа тұрғын үй салу жұмыстарын қарастыру
- 5-6 шағынаудандарына саябақ салуға қаражат бөлгізу.
- Спорт салаларын әсіресе шахмат, футбол, үстел теннистерін жандандыру үшін әр саланың мықты үздіктерін шақырып, шеберлік сыныптарын өткізу.
- Жасы ұлғайған қарияларды қолдау мақсатында өз аймағымда белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашуға ықпал жасау.
- Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп жинайтын өндіріс орындарын орнатуды ұйымдастыру.
- Аймақты көгалдандыру, ағаш өсіру жұмыстарын жандандыру.
- Көшелер мен аулаларды жарықпен қамтамасыз ету сұрақтарын шешу.
- Аймақта жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру.
- Әлеуметтік көмек алу жөнінде туындаған құжаттардың реттелуіне көмек қолын созу.
- Көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тазартып, құрғатуды ұйымдастыру.
- Тұрғын үйлердің ауласында жас жеткіншектердің дамуына арналған орталықтардың ашылуына ықпал ету.
Мен, әрбір жаңатастықтың салауатты өмір салтын ұстануын қолдаймын.
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Қайрат Айнабеков Сайлаубекұлы 1976 жылғы тамыз айының 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі-жоғары. 1994 жылы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, 1999 жылы бітіріп шықты. Түркістан ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 1993 жылы еңбек жолын лаборант болып бастаған. 1994 жылы тәлімгер, 1995 жылы тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 2005-2008 жылдары Абай атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2008-2011 жыл аралығында Түркістан ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде мектеп директоры болып қызмет атқарды. 2011 жылдың ақпан-мамыр айларында Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. 2012 жылдың ақпан айы, 2013 жылдың желтоқсан айларында Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болды.2013 жылдың желтоқсан, 2015 жылдың ақпан айларында Балалар шығармашылық орталығының директоры болып қызмет атқарды. 2015 жылдың ақпан-қараша айларында Үшбас негізгі мектебінің директоры болды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Ә.Бүркітбаев ауылындағы М.Әуезов орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы болып қызмет атқаруда. Үш қыз, екі ұл өсіріп, тәрбиелеуде.
№4 сайлау округі бойынша Сарысу аудандық мәслихат депутаттығына үміткер АЙНАБЕКОВ ҚАЙРАТ САЙЛАУБЕКҰЛЫНЫҢ
сайлауалды бағдарламасы.
— Жаңатас қаласының Горняк, Стройтель, Фосфорит саяжайлары мен Үшбас ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
— Түркістан ауылдық округі мен Саяжай тұрғындарының жолдарын толық жөндеуден өткізу, су жүйелеріне кәріз, канализация орнатуға ықпал ету;
— Саяжай көшелерін толық түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейне- бақылау камераларын орнату;
— 1985 – 1991 жылдары саяжайлар бұзылуы салдарынан қалған бетонды, құрылыс қалдықтарынан тазарту жұмыстарын жүргізу;
— Түркістан ауылдық округінің орталығы Әшір Бүркітбаев ауылына спорттың бұқаралығын арттыру бойынша спорт ғимараты құрылысын соғуға ықпал жасау.
— Өзімнің сайлау округім бойынша дауысқа түскен елді мекен тұрғындарын аудан бойынша алғашқы болып, табиғи газбен қамтамасыз ету;
— Арыстанды мен Үшбас ауылының тұрғындарын заман талабынан қалдырмай 4G интернет желісімен қамтамасыз ету;
— Арыстанды мен Үшбас ауылдарына мәдени қызмет көрсету нысаны ғимаратының салынуы үшін жұмыстар жүргізу;
— Үшбас ауылдық негізгі мектебінің жанынан спорт зал ғимараты мен мектеп асханасының соғылуына ықпал жасау;
— Қаратас ауылына жаңадан асфальт жол салу;
— Әшір Бүркітбаев, Арыстанды ауылдарына балабақша құрылысын соғу;
— Өзім сайлауға түскен округім бойынша Мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, халық игілігі үшін соғылып, қабылданып жатқан жаңа құрылыстардың сапасын мүмкіндігінше қатаң қадағалауға аламын.
Құрметті сайлаушылар!
Егер де мені сайлаушы ретінде депутат етіп таңдасаңыздар, жоғарыда аталып, уәде еткен жоспарларымның орындалуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Мен, Наханов Талғат Кәрібекұлы 1972 жылы 1 наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында туылғам.
1979 жылы Сарысу ауданы, Шығанақ ауылында С.Сейфуллин атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып, осы мектепті 1989 жылы бітіріп шықтым. Осы жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты ветеринария факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 1995 жылы ветеринар-мал дәрігері мамандығын алдым.
1995 жылы Шығанақ өндірістік кооперативіне ферма малдәрігері болып жұмысқа орналастым. 2000-2004 жылдар аралығында Шығанақ өндірістік кооперативінің бас мал маманы қызметін атқардым. 2004-2011 жылдары аралығында жеке кәсіпкер лицензиялы мал дәрігері қызметімен айналыстым. 2011-2018 жылдары аралығында Досбол ауылдық округінің ветеринарлық пункт меңгерушісі қызметін атқардым.
Осы жұмыстармен қатар 2004 жылы жаңадан құрылған «Елдос-2004» шаруа қожалығына басшы болып сайланып, бүгінгі күнге дейін осы шаруа қожалығын басқарып келемін.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және ауылшаруашылық саласын дамытуға қосқан үлесім үшін, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, 2012, 2018, 2021 жылдары Қазақстан Рес-публикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамоталарымен және де Жамбыл облысы Әкімі, облыстық мәслихат хатшысы грамоталарымен, бірнеше рет Сарысу ауданы әкімінің грамотасы және Алғыс хаттарымен, Тәуелсіздігіміздің 20 және 30 жылдығы, Сарысу ауданының 90 жылдығы, «Сарысу ауданына сіңген еңбегі үшін» мерекелік медальдарымен, «Ақжол» демократиялық партиясының президиумы және ҚР Ұлттық индустриялық палатасының Басқармасының атынан «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен марапатталғанмын.
Отбасылымын, екі ұл, бір қыз бала тәрбиелеп отырмын.
№12 сайлау округі бойынша Сарысу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Наханов Талғат Кәрібекұлының сайлауалды бағдарламасы.
-Әрбір ауылдың ауызсу, жол, ұялы байланыс, сапалы интернет желісі үнемі назарымда болады. (Саудакент-Тоғызкент, Тоғызкент-Үшарал, Тоғызкент-Досбол, Досбол-Көкдала, Досбол-Шағалалы, Досбол-Шығанақ жолдары).
-Жайылымдар мен шабындықтарды суландыру мақсатында Аса, Талас, Шу өзендерімен судың келуін үнемі бақылауда ұстаймын. Ойық-Досбол каналын салу үшін, зерделеу жұмыстарын толық жүргізілуіне атсалысамын.
-Шағалалы ауылына газ тарту мәселесін түбегейлі шешемін.
-«Кәсіпкерлік-ел экономикасының қозғаушы күші!». Мен кәсіпкер, шаруа қожалығының басшысы ретінде, ауданда шағын және орта бизнес саласының дамуына, тұрақты жұмыс орындарын сақтау және де жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал жасаймын.
-Ауылдарды еліміздің даму нүктесіне айналдыру керек! Ол үшін ауылшаруашылығы саласын дамытуға айрықша көңіл бөлу керек. Жергілікті шикізаттарды тиімді пайдалану арқылы, олардан шығатын өнімдердің түрлерін көбейтуге, жергілікті шаруалардың, мал және егін шаруашылығын одан әрі дамыту үшін, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға (қайтарымсыз гранттар, субсидиялар, лизингке техникалар алу т.б) ие болуына ықпал етемін.
-Жер мәселесі өте өзекті мәселелердің бірі! Аудан көлеміндегі жерлерді түгендеу, пайдаланылмай жатқан бос жерлерді қайтарып, нақты жұмыс жасайтын шаруаларға беруге ықпал етемін. Тоғызкент, Досбол, Қамқалы ауылдық округтеріндегі, орман шаруашылығының иелігіне өтіп кеткен, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді, ауданның жер қорына қайтаруға және шаруаларға, жергілікті азаматтарға ұзақ мерзімге пайдалануға беруге барынша атсалысамын. Болашақта шаруа қожалықтарымен жеке азаматтар бұл жерлерге, мемлекеттік бағдарлама арқылы инфраструктура тартып, құдық қаздырып, тұрғын үй мен қора жайлар сала алатын болады.
-Қарттардың, еңбек ардагерлерінің, көп балалы аналар мен балалардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, тұрмыс жағдайы төмен жанұялардың мәселелері мен мұң-мұқтаждарын жергілікті атқарушы органдар алдына қоя отырып, оң шешімін табуға ықпал етемін.
-Спорт – денсаулық кепілі! Елді мекен тұрғындарының спортпен шұғылдануына, спорт нысандарының тұрғындар үшін, оның ішінде жастарға қолжетімділігін арттыруға, спорт алаңдарын салу, оның талапқа сай жабдықталуына атсалысамын, талантты спортшы жастарға қолдау жасаймын.
-Тоғызкент ауылындағы спорт кешенінің құрылысының басталуына бар күшімді саламын!
-Сонымен қатар, халыққа сапалы білім беру, тегін медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, жас мамандарға әрбір ауылдан баспана салу, қоғамдық тәртіп, құқықбұзушылықтың алдын алу, елді мекендерді көріктендіру, көгеріштендіру, тазалық жұмыстарын басты назарда ұстаймын.
Құрметті сайлаушылар, мен бұл сайлауға, халықтың ішінен шыққан азамат ретінде, халықтың мұңын билікке дер кезінде жеткізіп, Жаңа Қазақстанды құруға атсалысып, өзгеріс жасау үшін барамын.
Менің жоғарыда көрсеткен бағдарламам, Сіздердің тараптарыңыздан қолдауға ие болады деген сенімдемін!
Менің ең басты мақсатым – еліме, жеріме қызмет ету, туған Отаным -Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосу!
Ең басты ұстанымым – тынымсыз еңбек, жаңашылдық және халық алдындағы жауапкершілік!
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Мен Құлыбеков Қуаныш Қайратұлы – 1985 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келдім.
2006 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «қаржы және несие» мамандығы «экономист» біліктілігі бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2007 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің іс-жүргізушісі болып бастадым.
2007-2008 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің іс-жүргізушісі, 2008-2009 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2009-2010 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2010 жылдың шілде-қараша айлары аралығында Сарысу ауданы әкімі аппаратының бас маманы, 2010-2011 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, 2011 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында Сарысу ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, 2011-2012 жылдары Сарысу ауданы әкімінің көмекшісі, 2012 жылдың маусым-шілде айлары аралығында Сарысу ауданы әкімі аппаратында бөлімше жетекшісі, 2012-2014 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратында бөлімше басшысы, 2014-2016 жылдары Сарысу аудандық мәслихат аппаратының басшысы, 2016-2020 жылдары «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2020-2021 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқардым.
Қазіргі кезде «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің персоналды басқару және кадрларды даярлау бөлімінің маманы қызметін атқарудамын.
Отбасын құрғанмын. Үш балам бар.
№9 сайлау округі бойынша Сарысу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қуаныш ҚҰЛЫБЕКОВТЫҢ сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар, егер мен депутат болсам:
1.Агроқұрылымдар-ды ірілендіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, аудан тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бар күш-жігерімді саламын.
- Қолданыстағы заң нормаларында белгіленген әлеуметтік жеңілдіктер мен көмектердің оған мұқтаж азаматтарға толық жетуін заң аясында қадағалаймын.
- Талас және Аса өзендері арқылы келетін судың жайылым мен шабындықтарға жетуін, «Ынталы» су қоймасындағы су қорын тиімді пайдалануға, су реттегіш каналдарға жөндеу жұмыстарының кезең-кезеңімен жүзеге асырылуына ықпал етемін.
- Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын, оның кіріс бөлігін ұлғайту мүмкіндіктерін зерделеп, аудан тұрғындары үшін қолайлы ортаның қалыптасуына қызмет ететін боламын.
- Аудандағы барлық елді-мекендердегі инфрақұрылымның (елді мекендерді газдандыру, ауыз су, көше жарығы және көше жолдары) жұмысын тиімді жақсартуға ықпал жасаймын.
- Тұрғындардың талап тілектері мен өтініштерінің заң аясында өз шешімін табуына құқықтық көмек көрсетемін.
- Елді-мекендерде спорттың бұқаралығын арттыруға, спорттық алаңшалардың көптеп ашылуына, ат спорты ойындарының кең қанат жаюына және ауданның туристік әлеуетін арттыру үшін тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуына қызмет ететін боламын.
Құрметті сайлаушылар!
2023 жылғы 19 наурызда өтетін сайлауға қатысып, өз таңдауларың-ызды жасауларыңызды сұраймын.
«Біздің міндет – халыққа қызмет».
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Мен, Есмұрзаев Мұратбек Бұралқыұлы, 1987 жылы 27 наурызда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келдім.
2 жоғары білімім бар: 2008 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Педагогика және психология» оқытушысы және 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» бакалавры мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі-нің «Әскери патриоттық қлубының» жетекшісі болып бастадым.
2013 жылдан бастап Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2014 жылы Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің бас маманы, 2016 жылы Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру – бақылау бөлімінің басшысы, 2017 жылы Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2018 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және туризм бөлімінің басшысы, 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы қызметін атқарып келемін.
2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамырына дейін VII сайланған Сарысу аудандық мәслихатының депутаты болып сайландым. Мен «AMANAT» партиясының мүшесімін.
Отбасылымын, 1 қыз, 3 бала тәрбиелеудемін.
Құрметті жерлестер!
«АMANAT» партиясының Сарысу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі ретінде бірнеше мәселе шешуге атсалыса отырып, ықпал еттім.
«AMANAT» партиясының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасының Сарысу ауданында орындалуы бойынша аудан әкімінің орынбасарының, аудан әкімдігінің жол картасының орындалуына жауапты тиісті бөлімдердің басшыларының есептерін тыңдап, орындалуына өз үлесімді қостым. Атап айтар болсам: Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, көппәтерлі тұрғын үй құрылысы және жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында Жаңатас қаласындағы 4-5 шағын аудандарында сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және электрмен жабдықтау жобаларын іске асыру мақсатында бюджеттен қаржы қаралып бөлінуіне яғни (212,0 млн теңге) ықпал жасап, аталған жоба 2022 жылы аяқталып, көзделген жоба аяқталды.
-Жастар тәжірибесі бойынша кемінде ауданда 252 адамды жұмысқа орналастыру көзделіп,ықпал жасала отырып 2022 жылдың 12 айында 243 жас маманның мекемелерге жолданып, қадағаланды.
-Асарлатып үй салу жобасы аясында әр ауылдық округтен аз қамтамасыз етілген отбасыларға үй тұрғызып беру жоспарланған болатын. Осы тұрғыда аудандық мәслихат депутаты ретінде Ақтоғай ауылынан соғылған үйге демеушілік жасалып аталған үйдің толығымен аяқталуына ықпал етілді.
Құрметті сайлаушылар!
Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру. Яғни Жаңатас қаласы 1 сайлау округінің кандидаты ретінде мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда, аянбай қызмет атқара отырып түйткілді мәселелерді шешіп, ықпал етуге бағытталатын болады.
Ең басты мәселе Жаңатас қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын басты назарда ұстау.
Өзекті мәселелер:
- Өңірдің өнеркәсіптік бағдарына байланысты экологиялық мәселелерді көтеру.
- Қаланың автомобиль және кварталішілік жолдарын қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстарын қадағалап тиісті деңгейде орындалуына бақылау жасау.
- Тұрғын үй алуға жоғары кезектілік өзекті мәселе болып отыр.
- Медицина нысандарының тозығы жеткен, медицина кадрларының тапшылығы мәселесін көтеру, тиісті мекемелермен бірлесе отырып аталған мәселені шешу.
- Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санын ұлғайту, жұмыс істейтін халық санының өсуін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жасау.
- Білім беру сапасын арттыру.
- Медициналық көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту;
8.Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттыруға қолайлы жағдай жасау.
9.Жаңатас қаласын газдандыруға сонымен қатар қауіпсіздік жағын қамтамасыз ете отырып ықпал етуге.
- Қаланы абаттандыру мәселесіне атсалысып көркейтуге.
- Жаңатас қаласы 1 ықшам ауданында мектеп, балабақша жоқ. Аталған мәселені көтеріп, шешілуіне ықпал жасау.
- Тұрғындардың жайлы өмір сүру ортасын құру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында барынша аянбай еңбек етіп, қолдау жасау.
Мен жоғарыда аталған барлық проблемалардың шешімін одан әрі іске асыра отырып қаламыздың дамыту жоспарын әзірлеуге атсалысатын боламын.
Өз елімнің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және оның еліміздегі деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ұмтылатын боламын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен жалпы ауданымыздың оның ішінде тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға нар тәуекел етіп барамын.
Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.
Нар тәуекел!