ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢАТАСТАҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, қарлы дауылдан кейінгі жағдаймен танысты.

Аймақ басшысы алдымен «Жаңатаc-Су-Жылу» МКК қалыпқа келтіру жұмыстарын тексерді.

Сондай-ақ, қатты желден құлаған электр бағаналарын көріп, оларды жөндеу бойынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.

Д.Қонаев атындағы орта мектебінде болған облыс әкімі қаладағы екі-үш оқу ордасын жылытуға барынша көңіл бөлу керектігін баса айтты. Ол үшін арнайы генераторлар пайдаланылады. Бұл мектептер жылыту пункттері  ретінде дайын тұруы маңызды.

«Шахан» қосалқы станциясына барған Нұржан Нұржігітов қаланы ең алдымен электр энергиясына қосу керектігін жеткізді.

Қазіргі кезде электр желілерін реттеу жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылған.

Аймақ басшысы бұл жұмыстарды 2-3 сағатта аяқтауды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Аким Жамбылской

области проинспектировал восстановительные работы в Жанатасе

Аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов посетил город Жанатас и ознакомился с ходом восстановительных работ после сильного урагана.

Глава региона сначала посетил ГКП «Жаңатас-Су-Жылу».

Глава региона поручил в кратчайшие сроки отремонтировать упавшие от ветра электрические столбы.

Аким области, посетивший среднюю школу имени Д. Кунаева, подчеркнул, что необходимо уделить максимальное внимание вопросам теплоснабжения учебных заведений города. Для этого будут  использованы  специальные генераторы. Важно, чтобы в школах были созданы условия для открытия пунктов обогрева.

Посетив подстанцию «Шахан», Нуржан Нуржигитов отметил, что прежде всего город необходимо обеспечить электроснабжением.

В настоящее время в работе по восстановлению электрических сетей задействовано 10 бригад. Глава региона поручил завершить эти работы за 2-3 часа.

Пресс-служба акима

Жамбылской области

Нұржан Нұржігітов: Біздің негізгі міндетіміз — халыққа қызмет көрсету

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына барып, қарлы боран және қатты дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары «Көкбұлақ» сумен қамту қоймасында электр желілерінің жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды.

Су қоймасының негізгі қызметі — «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорнын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету. Осыған айрықша назар аудартқан облыс әкімі желілерді реттеу жұмыстарын жедел әрі сапалы орындау керектігін атап өтті.

Келесі кезекте аймақ басшысы Жаңатас қаласының орталық жылыту қазандығына барды. Бүгінде қазандық штаттық режимде жұмыс істеуде. Қалаға жылу берілген. Қазіргі таңда 97 көпқабатты үйлер бойынша айналымды ретке келтіру, ауа шығару шаралары орындалуда.

Облыс әкімі орын алған төтенше жағдайдан сабақ ала отырып, қазандыққа қосымша электр желілерін тартудың маңыздылығын баса айтып, жауаптыларға бұл бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұдан соң Нұржан Нұржігітов зардап шеккен бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының, «Қазақтелеком» және «Қазпошта» торабының ғимараттарын аралап көрді.

Жалпы қалада қатты желден 9 нысан айтарлықтай бүлінген. Олардың барлығында күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Облыс әкімінің тапсырмасымен барлық жұмыстарға жергілікті мердігерлер тартылған.

Аймақ басшысының аудандағы сапары жедел штаб отырысында түйінделді.

Жиында барлық жауапты тұлғалардың есептері тыңдалды.

Аудандық РЭС мекемесінің мәліметі бойынша аудандағы 726 шақырым электр желісінің 62 шақырымы үзіліп, 10,5 мың бағананың 240-ы (156 жоғары, 84 төменгі кернеулі) құлаған. Бүгінгі күнге 51 шақырым электр желісі, 151 бағана қалпына келтірілген.

Қазіргі таңда аудандағы 25 елді мекеннің 23-не жарық берілді, оның ішінде, Жаңатас қаласы бойынша 97 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жарыққа қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Облыс әкімі барлық жұмыстар сапалы әрі жедел орындалуы керектігін ескертті.

— Барлық қалпына келтіру жұмыстары 10 күннің ішінде аяқталуы тиіс. 1-2 күнде Жаңатас қаласы толығымен және ауданның елді мекендері электр қуатына қосылуы керек. Осы мерзімде қалаға су, жылу толығымен берілуі қажет. Қаладағы әр үйге жылудың жетуін тексеріңіздер. Ішінара бүлінген нысандарды аудан бір күнде ретке келтіруі керек. Әр нысанға бір-бір мердігерден бекітілуі маңызды. Уақыт жоғалтуға болмайды. Елді мекендерді тазарту жұмыстарына да барынша көңіл бөліңіздер. Халық арасында түсіндіру, ақпараттандыру шараларын ұйымдастырыңыздар. Біздің ең негізгі міндетіміз — халыққа қызмет көрсету,-деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, облыс әкімі азық-түлік тапшылығын болдырмау мәселесіне ерекше назар аудартты.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде ауданға 17 мың бөлке нан жеткізілген.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

дауылдан кейінгі қарқынды жұмыстар

Аудан әкімі Марат Қырғызәліұлының басқаруымен таңғы 7.00-де штаб отырысы өтіп,  тиісті бөлімдер жағдайды реттеуге барлық құрылымдарды жұмылдырды.

Қатты жел мен қарлы боранның салдарынан Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерде электр желілері үзіліп, бірнеше мың абонент жарықсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстарына  150 қызметкер жұмылдырылды. Қазір елді мекендердің басым бөлігінде электр энергиясы қалпына келтірілді. Жұмыс жалғасуда. Ауа райының қолайсыздығынан туындаған жағдай ретке келтіріліп,  тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Азаматтардың арыз-шағымдарын әлеуметтік желі топтарында ішкі саясат мамандары қабылдап алуда.

Әкімдік қызметкерлері, аудандық полиция, төтенше жағдайлар бөлімдері, энергетика саласының мамандары күшейтілген жұмыс режимімен жұмыс істеуде.

Аудан жастары, еріктілер қала тазалығына белсене кірісуде.

 

ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

Бораннан кейінгі тазалық жұмыстары жалғасуда. Жаңатас қаласындағы құлаған талдар мен сынған бұтақтарды жинауға қоғамдық жұмысшылар,  жастар мен еріктілер жұмыла кірісіп, тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.

Тазалық ауладан басталатынын ескеріп, қаланың тазалығына бір кісідей атсалысайық! сенбілік өтті

Бораннан кейін аудан көлемінде сенбілік өтті. Жаңатас қаласын қалпына келтіру, құлаған тал, сынған бұтақтарды жинау үшін барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері сенбілікке шықты.

Тазалық жұмыстары жүйелі жүріп, қала қалпына келу үстінде.

ЖЫЛУ ЖҮЙеЛЕРІ ЗЕРДЕЛЕНУДЕ

Қарлы бораннан кейін Жаңатас қаласына жылу берілгелі қаланың көпқабатты үйлерінің жертөлелеріндегі жылу жүйелері тексеріліп жатыр. Сала мамандары жылу жүйелерінің ауасын шығарып, жылу жүйелерін зерделеуде.

Жылудың көпқабатты үйлерге дұрыс жеткізілуі мен қалыпты температураның сақталуы мамандардың тұрақты бақылауында.

ЗАРДАП ШЕККЕН

НЫСАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Ауданда дауылдан кейінгі ауылдық округтердегі жағдайлар зерделенуде.

Қазіргі таңда елді мекендердегі зардап шеккен нысандар анықталып жатыр.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов бастаған жұмысшы топ Байқадам, Игілік, Жайылма ауылдық округтеріне барып, жағдайды көріп, зардап шеккен нысандарды (үйлер, қора-жайлар) анықтады.

Жалпы,  барлық ауылдық округтер зерделенді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.