САЯСИ ПАРТИЯ ЖӘНЕ ЭТНОС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0

Біз мемлекетіміз ұстанған дұрыс бағыттың арқасында демократиялы қоғам құрдық. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты елге айналдық.

Еліміз саяси жағынан да белсенді бола бас-тады. Саяси партиялар да қоғам өміріне белсене араласуда. Ауданымызда 5 саяси партияның өкілдіктері, 7 этно-мәдени орталықтар  жұмыс істейді. Осыған орай аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында аудандағы саяси партиялардың және этно-мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өтті.

Кездесуге аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, сөз сөйледі.

— Сіздермен биылғы жылдың  соңында, жылдың қорытындысы ретінде бас қосып отырмыз. “Бірлік бар жерде – тірлік бар” – деген дана халқымыз. Сіздер аудан өміріне белсене араласып, берекелі тірліктің үлгісін көрсетіп келе жатырсыздар, — деген  аудан басшысы  ауданның саяси, мәдени және қоғамдық өміріне белсене араласып келе жатқан саяси партиялар мен этно-мәдени орталықтар өкілдеріне өз алғысын  білдірді.

Бұдан кейін сөз алған саяси партиялар мен этно-мәдени орталық жетекшілері  елімізде бірлік пен ынтымақ болсын деген тілектерін айтып, аудан басшыларына өз ризашылықтарын білдірді.

Әдеби сазды кешке ұласқан басқосуда этно-мәдени орталық өкілдері және мәдениет үйінің әншілері өлең айтып, жырдан шашу шашты.

Кездесу барысында аудан өміріне белсене араласып жүрген этнос орталықтары мен саяси партиялардың жетекшілеріне сый – сияпаттар табыс етілді.

Сарысу аудандық

баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.