АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 26 ЖӘНЕ 29 ЖЕЛТОҚСАН КҮНДЕРІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ А.СЕЙНАЛИЕВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІМЕН ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

0

Сессия жұмысына аудан әкімі М.Сұлтанғалиев және тиісті мекемелер, кәсіпорындар, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияларының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырыстарында тыңдалып, жан-жақты талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Олар:

2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

2023-2025 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы мен ауылдық округтер әкімдерінің 2023 жылғы халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбелік  кестесін келісу туралы.

Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 сәуірдегі №20-7 «Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» алтыншы шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №45-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша хабарламашылар өздерінің баяндамаларын оқыды. Комиссия отырысында депутаттардың ауызша сауалдарына тиісті мекемелер өкілдері қанағаттанарлық ақпараттар айтты жауап ретінде. Депутаттар тарапынан айтылған ұсыныстар ескерілетіні айтылды.

Сессия отырысының онлайн-трансляциясы Aitube платформасында (Сарысу аудандық мәслихат) қолжетімді.

Сарысу аудандық мәслихат аппараты

САРЫСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

ҚАУЛЫ

 

Жаңатас қаласы                                №2                      29 желтоқсан 2022 жыл

 

Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және  Сарысу аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 «Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 12 (он екі) округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Сарысу аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Сарысу аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Sarysý» газетке орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға   Д.Шортанбаев

Хатшы  Л.Ерсейтова

САРЫСУСКАЯ  РАЙОННАЯ  ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ  КОМИССИЯ

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

город Жанатас                                      №2                           29 декабря 2022 года

 

Об образовании окружных избирательных комиссий по одномандатным территориальным избирательным округам по выборам депутатов Сарысуского районного маслихата

В соответствии с пунктом 3 статьи 10 Конституционного закона                «О выборах в Республике Казахстан» и постановлением Сарысуской районной избирательной комиссии №1 от 29 декабря 2022 года «Об образовании территориальных избирательных округов по выборам депутатов Сарысуского районного маслихата» Сарысуская районная избирательная комиссия ПОСТАНОВЛЯЕТ:

  1. Образовать 12 (двенадцать) окружных избирательных комиссий в соответствующих одномандатных территориальных избирательных округах по выборам депутатов Сарысуского районного маслихата.
  2. Направить постановление в Сарысуский районный маслихат для формирования составов окружных избирательных комиссий одномандатных территориальных избирательных округов по выборам Сарысуского районного маслихата.
  3. Разместить настоящее постановление на интернет-ресурсе Сарысуской районной избирательной комиссии и в районной газете «Sarysý» .
  4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2023 года.

Председатель   Д.Шортанбаев

Секретарь Л.Ерсейтова

Хабарлама

«Sarysý»  газетінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 113 санында  жарияланған  №370 учаскелік сайлау  комиссиясының құрамы  туралы Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы.

Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы  29 желтоқсандағы                      №38-3 шешімімен №370 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Байшораев Толеген Рекенович тағайындалды.

Сарысу аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Сообщение

Сообщение  Сарысуской  районной  территориальной избирательной комиссии о составе участковой избирательной комиссии №370 опубликованное в газете «Sarysý» от                              28 декабря 2022 года в номере №113.

Решением Сарысуской районной маслихата № 38-39 от 29 декабря                   2022 года назначен Байшораев Толеген Рекенович.

 Сарысуская районная территориальная

Leave A Reply

Your email address will not be published.