ШЫН МҰҚТАЖҒА-ШАРАПАТ
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы–жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу-өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында сарысулық бір отбасы баспаналы болды.
Демеушілер көмегімен сатып алынған үйдің кілтін біраз жылдан бері көп балалы, үй жалдап келген отбасыға тапсырды. Аталмыш игілікті істің жүзеге асуына «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің басшысы Марғұлан Мусалимұлы және ҰланҮсенов, Мейіржан Хансейітов, Бақытбек Нұрбеков сынды белсенді азаматтары ұйытқы болды. Қор жыл басынан аудан көлемінде түрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Нәтижесінде тұрмысы төмен және көпбалалы 3 отбасыға тұрғын үй тапсырған.
Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. «Жаңбырменен жер көгерер, алғыспенен ел көгерер» демекші, дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ! Қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, жылы сөз, жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсетіп жүрген жомарт жандар қатары көбейе берсе екен дейміз.
Гүлбану ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ,
«Sarysý»
әлем чемпионы атанды
Жуырда Астана қаласында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті. Үш күнге созылған дүбірлі додаға әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысты.
Осы жарысқа еліміздің, облыс, ауданымыздың намысын қорғау үшін жерлесіміз, Жайылма ауылының түлегі, Дзю-додан ҚР спорт және Қазақ күресінен халықара-лық дәрежедегі спорт шебері, «Дала қыраны» титулының иегері Нұр Аманшүкіров 66 келі салмақ дәрежесінде бағын сынап, әлем чемпионы атанды.
Қазақ күресінен әлем чемпионы атанған Нұр Аманшүкіровты аудан халқы құшақ жайып қарсы алды. Аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтың жеке қабылдауында болып, жерлес балуанның жеңісімен құттықтап, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады.
Нұр Аманшүкіров өз сөзінде:
-Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жеңісім менің жеңісім емес облыс, аудан және жанкүйерлерімнің жеңісі деп білемін. Қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымды білдіремін. Алдағы жарыс күндерде аянбай тер төгіп, ауданымыздың атын әлемге танытсам деген арманым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тек жеңісті күндеріміз көп болсын,-деді.
Нұр Аманшүкіровтің ал-дағы байрақты бәсекеде ел намысын қорғай беруіне тілектеспіз.
С.Есқараев,
«Sarysý»