Аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтің аудан тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті сарысулықтар!
Сіздерді Ұлы Дала елінің төріне шыққалы отырған Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
Жаңа жыл өтіп бара жатқан жылда атқарылған істерге лайықты баға беріп, болашаққа тың қадам жасайтын кез.
Сондай-ақ, Жаңа жыл – халқымыздың асыға күтетін мемлекеттік мерекелердің бірі және жаңа үміт пен келешекке сенімнің бастауы.
2022 жыл саяси оқиғаларға толы болды. Жылдың басында орын алған Қаңтар оқиғасы елімізді жаңа дәуірге қадам бастырды.
Елімізде саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер басталды. Елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп, Ата Заңымызға өзгерістер енгізілді.
Қараша айының 20-да өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы елімізді әділетті ел, берекелі қоғам құруға бастады.
2022 жыл Сарысу ауданы үшін де табыс пен жетістіктерге толы жыл болды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы айтарлықтай өсті.
Әлеуметтік, өзге де нысандар ел игілігіне кезең-кезеңімен берілді. Ауылшаруашығы мен өндіріс саласы да жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Шағын және орта бизнес өркен жайып келеді.
Осының бәрі ауданымыздағы әр салада еңбек етіп жүрген аудан тұрғындарының еселі еңбегі.
Татулығы мен бірлігі, ынтымағы мен достық пейілі жарасқан Сарысу ауданы тұрғындарына туған өлкемізді өркендеу мен гүлдендіру жолындағы еңбектері үшін алғысымды жеткізгім келеді. Өйткені біз, жетістіктер мен табысқа бір жұдырық болып жұмыла жұмыс атқарудың арқасында қол жеткіздік.
Біз келе жатқан Жаңа Жылдан жақсылық пен қуаныш, бақыт пен мерекелік салтанат күтеріміз белгілі.
Сондықтан, алдағы Жаңа жыл да біздің берекелі бірлігімізді, табысты тірлігімізді еселей түсеріне сенемін.
Қадірлі ағайын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, ашық аспан, ынтымақ пен бақ-береке тілеймін!
Жаңа жыл жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын!
Жаңа жылда сәттілік серік болсын, бейбіт өмір көрік берсін!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді ырыс пен ынтымаққа серпіліс берер Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл — әр адамның өміріндегі ең жарқын мерекелердің бірі. Баршаға жан шуағы мен жайдары көңіл-күй сыйлайтын бұл мереке өткенімізді саралап, ертеңімізді бағамдайтын керемет сәт.
Біз өткен жылды ризашылықпен өткіземіз және 2023 жылға сеніммен қараймыз. Біздің әрқайсымыз оған үлкен үміт артамыз.
Ауданымыздың дамуынаың серпін берер жұмыстар атқарылуда. Біздің жетістіктеріміз, ең алдымен, тұрғындарымыздың ұмтылысының, ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Әр түрлі саладағы күнделікті, қажырлы еңбегімен ауданымыздың өркендеуіне ықпал ететіндер. Әлеуметтік-экономикалық дамуда түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асып келеді. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс салалары дамып, жол салу және оларды қалпына келтіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту жұмыстары кезең-кезеңмен іске асырылып келеді. Елді мекендерде жаңа денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілуде. Спортшыларымыз Әлем додаларында биік белестен көрініп, елдігіміз бен ерлігімізді тағы бір дәлелдеді.
Сондай-ақ, облыс, аудан тұрғындары бірқатар мерейлі мерекелердің куәсі болды. Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 110 жылдығы, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға 90 жыл, жерлестеріміз КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 85 жасына, даңқты композитор, Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақановтың шығармашылығына арналған салтанатты шаралар жоғары дәрежеде аталып өтті. Тағылымды іс-шаралар бірлігімізді бекемдеп, тарихымызды түгендеуге, өткенімізді талдап-таразылауға айтарлықтай ықпал етті.
Қадірлі жерлестер!
Сiздердi Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiн. Алдағы жыл Сіздерге көптеген жарқын сәттер, жақсы өзгерістер әкеліп, жақындарыңыздың жылуына толы болсын. Жаңа жыл барлық бастамалар мен жетістіктерде сәтті болсын. Әр күнді қуаныш пен бақытқа толтырсын. Ой-мақсаттар жүзеге асатын жыл болып, жан жадыратар жақсылығы молынан болсын. Халқымыз үшін берекелі жыл болып, барша шаңыраққа шуақты шаттық әкелсін. Жаңа жыл құтты болсын!
А.Сейналиев, аудандық мәслихаттың хатшысы