МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ-ҚОҒАМ АЙНАСЫ

0

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Қандай болғанда да, мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтауға қалыптасуы, Әдеп кодексін оқып, өзін-өзі үйретуі, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек. Осындай көпшілікпен жасалатын жұмыс ұжым арасындағы өзара қызметтік ынтымақтастықты нығайтуға, қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және ұжымды қызмет барысында ортақ мақсаттарға жетуге біріктіреді деп ойлаймын.

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта бізге рухани баю үшін мәдениет және демалыс мекемелеріне бару керек, қайырымдылық пен қоғамдық қызметке қатысу және тағы сол сияқтылар қажет. Бұл ретте, бізге ішкілік ішкен күйде қоғамдық орындарда болу, адамның ар-намысына тіл тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол бермеу керек. Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлығымызға жауапты екенімізді, ал, кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтауымыз қажет. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан қашқақтау қажет.

Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс.

Түркістан ауылдық округі

әкімінің аппараты

Статистика хабарлайды

Сарысу  ауданының 2022 жылғы қаңтар–қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрінің өнімдерін қоса есептегенде 6758,1 тонна ет, 5514,2 тонна сүт, 3731,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 211,3 тонна ет, 211,8 тонна сүт, 102,1 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 23929 басқа, қой 181550 басқа, ешкі 32041 басқа, жылқы 8372 басқа, түйе 3120 басқа, үй құстары 25337 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 668 басқа, қой 7310 басқа, жылқы 511 басқа, түйе 53 басқа, үй құстары 1074  басқа көбейіп, ешкі  6021  басқа азайған.

Өнеркәсіп өндірісі 2022 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 62771,9  млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2021 жылғы сәйкес кезеңге 102,9 %-ды құрады.

Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 23240,7 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 16800 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 5801,7 млн. теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 1868,2 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 841,0 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 1027,2 млн. теңгеге сатылды.

Семинар

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыруда заң талаптарының сақталуы» тақырыбында семинар өтті. аудандық сотта  Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру кезінде, көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу бойынша туындайтын өзекті мәселелер бойынша семинар өтті.

Шараға аудандық соттың төрағасы   М.Үркімбаев, кеңсе меңгерушісі Г.Несіпбекова, Сарысу аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның барысында  М.Үркімбаев әрбір сауда саттықпен айналысатын кәсіпкер өз қызметін атқару барысында заң бұзушылыққа жол бермей, Қазақстан Республикасының заңнамасын ұстануы қажет екенін, ал құқық бұзушылықты анықтаған уәкілетті мемлекеттік орган өз кезегінде тиісті шара атқарып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттаманы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес толтыру қажеттігін айтып өтті.

Семинарға қатысушылар талқыға салынған мәселелердің қайталануына жол бермеу мақсатында өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдіріп, бір келісімге келді.

Г.Байбосынова,

«Sarysý»

Аудандық мәслихат депутаттарының назарына

Жетінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 37-ші сессиясы ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні сағат 17:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
  2. Әртүрлі.

Тұрақты комиссиялардың мәжілісі аудандық мәслихатта ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні сағат 16:00-де басталады.

Депутаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні сағат 15:30-дан бастап жүргізіледі.

Жетінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 38-і сессиясы 2022 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 12.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
  2. Әр түрлі.

Тұрақты комиссиялардың мәжілісі аудандық мәслихатта 2022 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 11.00-де басталады.

Депутаттарды тіркеу 2022 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 10.30-дан бастап жүргізіледі.

Аудандық мәслихат

аппараты

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстары жалғасуда.

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша:

Аталған мемлекеттік қызмет бойынша Министрлікпен реинжиниринг жүргізілді, оның шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі қайта қарастырылып, «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет көрсету кезінде мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан мәліметтер және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша электрондық деректердің сканер-нұсқасын бекіту керек.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аталған құжаттарды электронды алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізгеннен кейін, электрондық деректер толығымен «Е-Собес» ААЖ-на түсетін болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметтері бойынша қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі қолжетімді.

Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.