БАЛА-БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

0

«Балалар-мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.Сондықтан да 2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін.Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы-біздің жалпыұлттық міндетіміз »,-деді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақтоғай орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кел,балалар,оқылық!» атты сайыс  «Мен оқыған кітаптар» атты тақырыпта өткізілді.  Оқушылар өздері оқыған әңгіме, ертегілерінен білімдерін көрсетті.  Ертегілер-бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізері анық. Ертегі оқып өскен бала жан-жақты, білімді, зерек, алғыр, жүрегі мейірім мен жылылыққа тола болады. Себебі, қандай ертегі болмасын соңында жақсылықпен аяқталады. Балалардың әділ, шыншыл болып өсуіне ертегінің қосатын үлесі зор.

2022 жыл-Балалар жылын қорытындылау мақсатында  мектебімізде «Бала-біздің болашағымыз» атты іс-шара өткізіліп,  белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Мейіркүл Ошақбаева, «Ақтоғай» орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.