Отанды қорғау- абыройлы міндет

0

Қай кезде де патриоттық тәрбие мәселесі маңызды роль атқарады. Әсіресе, әскери патриотизм тәрбиесі жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, Отан қорғауға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Бұл ерлердің борышы екені Ата Заңда да айқын көрсетілген. Әскерге келген жастар да Отан алдындағы  міндетін абыроймен атқарып,  бір жылдан  кейін үйлеріне  нағыз сарбаз болып оралады. Сондықтан әскери  бөлім – әрбір сарбазды шыңдайтын, шынықтыратын нағыз өмір мектебі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес  ауданымызда  жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы орайда  аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім қызметкерлерімен бірлесіп, әскерге шақырту жұмыстары бойынша аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшысы, майор Ю.Серіков, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, ата-аналар, аудан жас-тары қатысты.

Басқосуда аудан әкімі сөз алып:

-Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы,-деп көкірегінде намысы,  бойында күш-қуаты бар, Отан үшін отқа түсетін әрбір азамат әскер қатарында болып, ел тыныштығын күзетуге өз үлесін қосу керектігін жеткізді.

 Сонымен қатар Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің  мамандары ел қорғаны болатын ерлердің азаматтық борышын өтеу бойынша жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

марапатталды

20 қараша –Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы өткен болатын. Осыған орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында  аудан әкімі М.Сұлтанғалиев  аудандық сайлау комиссиясының мүшелері мен аудандық сайлау учаскелерінің төрағаларын қабылдады.

Қабылдау барысында аудан әкімі:

-Бақ-ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде мәңгілік жасайды. Олай болса, халқымыз өз азаматтық борыштарына аса жауапкершілікпен қарап, дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Сайлау комиссиясының ұйымдастырған жұмыстары сайлаушылардың көңілінен шығып, алғашқы дауыс берушіге, бірінші рет қатысқан, ауылдың белсенді азаматы, ақ жаулықты аналарымызға, отбасы мүшелерімен бірге келіп дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды. Сайлау науқанына аудан  тұрғындары белсенді қатысты. Сайлау әділетті өтті деп білемін,-деп   бір қатар азаматтарға  Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына  дайындық және оны өткізу  жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет басшысының және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және  аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.