СЕМИНАР

0

Аудандық сотта «Судьяның істі сот талқылауына дайындау    жөніндегі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, олардың  іс жүргізушілік ресімделу       тәртібі» тақырыбында  семинар өтті.

Іс-шараға Сарысу аудандық сотының судьясы Д.Кадерқұлқызы, кеңсе меңгерушісі Гүлжан Несіпбекова,   бас мамандар Ғазиза Данярова, Айнұр Шымырбекова және сот отырысының хатшылары қатысты.

Іс-шара барысында  Д.Кадерқұлқызы өз кезегінде азаматтық сот ісін жүргізуде істі сот талқылауына дайындау іс бойынша іс қозғалғаннан кейін басталатын және сот талқылауының алдындағы екінші процессуалдық кезең болып табылады. Оның қажеттілігі алдын-ала анықталған, өйткені арызды қабылдау және азаматтық іс қозғау кезінде судья талапкердің сөзінен және ол ұсынған құжаттардан ақпарат алады, сондықтан мұндай ақпарат даулы жағдайларды біржақты қабылданатындығын ескертті.

Азаматтық істі сот талқылауына дайындау кезеңі — бұл мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталған сот процесіне қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерінің жүйесін қамтитын тәуелсіз кезең екендігін атап өтті.

Семинар соңында  қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

сот отырысының ережелері

Аудандық сотта  іске  қатысушы тараптарға уақытылы хабарламарларды жолдау, тараптардың сот отырысына келмей қалу себебін болдырмау тақырыбында  семинар өтті.

Іс-шараға Сарысу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Гүлжан Несіпбекова,   бас мамандар Ғазиза Данярова, Айнұр Шымырбекова және сот отырысының хатшылары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Г.Несіпбекова  өз сөзінде сот хабарламалары мен шақыру қағаздары іске қатысушы тараптарға, куәларға, сарапшыларға, мамандар мен аудармашыларға электрондық пошта мекен-жайы (cот кабинеті) не ұялы байланыс абоненттік нөміріне хабарлама жіберу, яғни шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдаланыла отырып, жолданылатындығын атап өтті.

Жоғарыда аталған байланыс түрлерін пайдаланып хабарлама жолдау мүмкіндігі болмаған жағдайда, соңғы белгілі тұрғылықты мекен-жайы немесе орналасқан жері бойынша сотқа шақыру қағазы жолданатыны еске салынды.

«Sarysý-Aqparat»

Құтыру ауруынан сақ болыңыздар

Құтыру ауруы – бұл орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және өлім жағдайына әкеліп соқтырумен сипатталатын жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық ауруы. Құтыру ауруының қоздырғышы – вирус (Rhabdoviridae), ультракүлгін сәулесінің, залалсыздандыру ерітінділерінің әсерінен және қайнату кезінде жылдам өледі.

Бұл дерттің адамдарға құтырған жан-жануарлар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болып, қозуы мүмкін. Негізінен, құтырған жан-жануарлардың сілекейі ауру белгісі білінбестен, бірнеше күн бұрын-ақ жұқпалы болады. Құтыру ауруы адамдарға көбінесе үй хайуанаттарынан – иттерден, мысықтардан (сирек кездеседі), сондай-ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр, түлкі) тарайды. Ауырған ит тынышсызданады, тамақ жемейді, одан кейін су көрсе үрейленіп, абалай бастайды, үргенде даусы қарлығып шығады, аузынан сілекейі шұбырады.

Адамдар инкубациялық (білінбейтін) кезең өткеннен кейін ауыра бастайды, ол жарақаттың ауыр – жеңілдігіне қарай 10 күннен 1 жылға дейін, көбінесе 1-3 айға созылады: адам еліріп, тыныс алысы бұзылады, жұтынуы қиындайды, аяқ-қолының жаны кетеді. Құтырған ит қапқан адамды сақтандырудың бірден-бір шарасы – емдік егу болып табылады. Сондықтан ондай жағдайда дереу дәрігерге көріну керек.

Құтыру вирусы адамға ауру жануарлардан беріледі: иттер, мысықтар, түлкілер, жанаттар, қасқырлар, ақ түлкілер, шиебөрілер, жарғанаттар.

Құтыруды ауру жануардан төменгі жағдайларда жұқтыру мүмкін:

  1. Ауру жануар тістеген кезде;
  2. Ауру жануардың сілекейі терінің зақымданған бөлігіне түскен кезде (сызат, жара, жарақат).

Құтырудың алдын алу мақсатында жануарлардан жарақат алып, тістелінген, тырналынған немесе сілекейленген  жағдайда адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрақты мекен жайы бойынша емдеу мекемелеріне медициналық  көмекке қаралуы қажет. Жануарлардан жарақат алған, тістелген, сілекейленген немесе тырналған жағдайларда  жарақат орны сабынды таза сумен жуылып, жарақат айналасы йодтың спиртті ерітіндісімен залалсыздандырып, міндетті түрде антирабиялық егу алуы тиіс. Әрбір жарақат алған адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі түрде  құтыруға қарсы екпе алу болып саналады. Егер өзіңізге белгілі  иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз, жануарды мал дәрігеріне көрсетіңіз, мал дәрігері жануарды 10 күндік ветеринариялық бақылауда ұстап, сау болған жағдайда – жануардың денінің саулығын растайтын анықтама береді. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет егу тағайындалады (0,3,7 күндері). Ал егерде жарақаттаған жануар қашып кетіп, табылмаса, белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда құтыру ауруына қарсы антирабиялық 6 реттік егу курсы тағайындалады  (0,3,7,14,30,90 күндері).

Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамап ұстау қажет, балаларды және өзгелерді күдікті жануарлардан аулақ ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақырту қажет. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, жергілікті мал дәрігерлеріне көрсетіп, тиісті кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз қажет. Әрбір адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі құтыруға қарсы екпе комплексін өткізу екенін білу қажет. Медициналық тәжірибеде іс жүзінде асқынуды туғызбайтын және жоғары дәрежелі иммунитетті қалыптастыратын құтыруға қарсы вакцина қолданылады. Құтыруды шұғыл алдын алу кезінде вакцинация курсының аяқталуынан кейін ең азы 6 ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты тоңазуға болмайды. Бұл ережелерді сақтамау  иммунды жүйенің қызметін бұзады, бұл құтырудың дамуына және өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы сақтық шараларын сақтау  адам өмірін өлімнен сақтап қалуы мүмкін. Жүйелі түрде өткізілген құтыруға қарсы екпелер құтырумен ауырып қалудан алдын ала сақтандыратынын есте ұстаңыз. Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда!

Е.Аденов,

ҚР АШМ ВБҚК Сарысу аудандық аумақтық инспекциясының бас маман, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.