ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЛДЫ

0

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы біздің еліміздің бірлікте екенін тағы бір дәлелдеді.

Бұл сайлау Қазақ елінің бір ниетте, бір тілекте екендігін көрсетті. Ел тұрақтылық пен бейбітшілікті және сенімді әрі серпінді даму жолын таңдады. Еліміздің болашағы үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, дұрыс таңдау жасады.

Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Қоғам енді сайлаудан кейінгі жүзеге асатын әлеуметтік – экономикалық реформаларға зор сенім артып отыр. Ал бұл реформалардың іске асуына Қасым-Жомарт Тоқаевтың мүмкіндігі мол екеніне сенімдімін.

Ендігі кезекте біз күш-жігерді елдің игілігі үшін еңбек етуге жұмсап,  Жаңа Қазақстанды бірге құратын боламыз.

 

Диханбай Ақділда,

еңбек ардагері,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

ЕЛ БІРЛІГІНІҢ КӨРІНІСІ

Ел бірлігінің үлгісін көрсеткен Қазақстан халқы жеті жыл елді басқаратын Президентті сайлады. 

Өзінің болашағына алаңдайтын әрбір азамат дауыс берді. Қазақ елін лайықты басқаратын басшыны таңдады.

Саясатта салмағы басым Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көпшіліктің сеніміне ие болып,  басым дауыспен жеңіске жетті.

Бұл сайлау ел дамуына тың серпін беретін болады. Себебі, Президенттің игілікті бастамаларының барлығы жүзеге асады деген сенімдемін.

Мен білім саласының қызметкері ретінде, Президентіміздің әлеуметтік саладағы бағыттарда білім беруге ерекше қолдау білдіріп келе жатқаны қуантады.

Биылғы жылғы Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге баса назар аударып, тәрбиешілердің статусын көтеру жөнінде бастама көтерді.

Қазіргі кезде Жаңа Қазақстанның азаматтары күш-жігерін оқуға, білім алуға, еңбек етуге жұмсау керек. Келешек білімдінің қолында.

А. Жақыпбекова,

«Инабат» балалар орталығының

Тәрбиешісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.