ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Елімізде спорт саласына да көп көңіл бөлуде. Спорт – денсаулық кепілі. Ауданымызда да бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Әр жылдары ауылдарда спорттық ғимараттар бой көтерді. Аудан әкімі әрдайым спортшыларымызды қолдап келеді.
Спортшыларымыз аудан абыройын асқақтатып, жоғары жетістіктерге жетуде. Соның бір дәлелі жуырда Қызылорда қаласында WKF- каратэден жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан республикасының чемпионатында №28 спорт мектебінің спортшысы Алмат Айбынұлы бағын сынады. Жарыс нәтижесінде 1-орынды қанжығасына байлады.
-Ауданымызда әр спорт мектептерінде спортшыларымыз халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда чемпион атанып жүр.
Бұның барлығы жат-тықтырушылардың маңдай тер еңбегі. Осы жарысқа қолдау көрсеткен азаматтарға алғысымды айтамын. Біздің енді алдағы жоспарымыз әлемдік жарыстарда жеңіс тұғырынан көріну,-деді.
А.Айбынұлының алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуіне сеніміміз мол.
С.Есқараев,
«Sarysý»