ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

0

Президенттік сайлауда дауыс санаудың алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың 81,31%

дауысын жинаған  Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев — 6 456 392 немесе 81,31% дауыс жинады;

Қарақат Әбден — 206 206 немесе 2,6% дауыс жинады;

Нұрлан Әуесбаев — 176 116 немесе 2,22% дауыс жинады;

Жигули Дайрабаев — 271 641 немесе 3,42% дауыс жинады;

Мейрам Қажыкен — 200 907 немесе 2,53% дауыс жинады;

Салтанат Тұрсынбеков — 168 731 немесе 2,12% дауыс жинады.

Сондай-ақ 460 484 қазақстандық немесе сайлаушылардың 5,8%-ы «барлығына қарсы» бағанын таңдады.

Egemen.kz

Саяси науқан

20 қараша -Қазақстан Республика-сының кезектен тыс Президент сайлауы ауданымызда барлық сайлау учаскелерінде ҚР-ның әнұранымен бір уақытта таңғы сағат 07.00-де салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Ашылу рәсіміне №363 сайлау учаскесіне өз дауыстарын беруге келген аудан жұртшылығы таңертең жинала бас-тады. Аудан орталығындағы спорт кешенінде орналасқан сайлау учаскесіне 1-шағынаудан тұрғындары еліміздің болашағы үшін өздерінің азаматтық борышын өтеуге аса бір ерекше жауапкершілікпен, ынтамен жиналып, таңдауларын жасады.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген №363 сайлау учаскесінің төрағасы Серік Ниязов мерекемен құттықтап, жиналған сайлаушыларды рет-ретімен тәртіпті сақтап, дауыс беруге шақырды.

Дауыс беруде тұрғындар өз таңдауларын жасап жатты.Алғашқы болып сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген азаматқа №363 сайлау учаскесінің төрағасы сыйлығын тапсырды. Сонымен қатар, қарт сайлаушы Кентай Ния-зов пен ең жас сайлаушы  18 жастағы  Нұрсұлтан Зарлыханов өз таңдауларын жасап, сыйлықтарын алды.

Өз таңдауын жасаған еңбек ардагері:

-Елімізде болып жатқан маңызды науқан екені  белгілі. Мен де үйде отырмай сайлау учаскесіне келіп, өз даусымды беруді ұйғардым,-десе жас сайлаушы:

-Біздің баруымыз маңызды, болашақ жастардікі демекші,  егемен еліміздің жарқын болашағы үшін жастар өз таңдауларын жасайды. Еліміздің болашағы жарқын,  жастардың келешегі кемел болу үшін өз даусым, өз таңдауымды жасадым,-деді.

Айта кету керек сайлау учаскелерінің барлығында  мүмкіндігі шектеулі жандарға  қолайлы жағдайдың барлығы жасалды. Олар үшін дауыс беруге арналған жеке кабиналар  құрылып, жәшіктер орналастырылды. Сонымен қатар, сайлау учаскесіне  келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі  жандарға үйлеріне  арнайы барып,  таңдауларын жасатты.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Сайлау өз деңгейінде өтті

Жайылма ауылының тұрғыны, зейнеткер Амангелді Садуов Әйтеке би атындағы орта мектебінде орналасқан №376 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық көзқарасын білдірді.

-Президент сайлауы еліміз үшін маңызды оқиға. Оны Отандастарымыз өзі жасайды. Бүгін осы оқиғадан шет қалмай, ақсақал ретінде таңдауымды жасадым. Оның үстіне  көптен бері көрмеген қатарластарымды көріп бір жасап қалдым. Елдің азаматы ретінде, ауылдың қариясы қатарында бұл борышымыз. Елдің ертеңі үшін таңдау жасап, лайықты кандидатқа дауыс бердік.  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ең бастысы жастар аман болсын. Заман солардікі. Ел бірлігін сақтау үшін, үйде отырып, өз отбасымыздың ғана амандығын күйттемей өмірден алған тәрбие-тағылымды ауыл жастарына үйретіп, ел бірлігі мен тыныштығына қызмет етуіміз керек деп ойлаймын. Қазыналы қарттарымызды осындай игілікті істер атқаруға шақырамын, Ендеше әрбіріміз тыныштық бағасын біліп, берекелі қоғамның уығы болып қадалғанымыз абзал,-деді.

«Sarysý-Aqparat»

Ради будущего

Казахстана

Двадцатого ноября прошли досрочные президентские выборы. В нашем районе они прошли спокойно, а избиратели проявили гражданскую активность. В избирательном участке № 364 процесс голосования прошел спокойно, без нарушений. Избирательный участок соответствовал необходимым для процедуры голосования требованиям. Стоит отметить, что выборы прошли в соответствии с законодательством и в честной конкурентной борьбе, у всех были равные возможности.

На участке №364 в этот день было особенно оживленно. Отдать свой голос приходили люди разных возрастов, в том числе молодежь. Пришли семьями, с маленькими детьми, голосующих встречали с музыкой.

Всего на этом избирательном участке 2457 человека, приняли участие 2221 избирателей, что составляет 90,39 процентов. Председатель участковой избирательной комиссии Гульмира Тультаева отметила хорошую явку.

«Первые голосующие пришли в 6:40 утра. Дождались 7:00 часов, после исполнения гимна сразу отдали голос. Активно идут люди разных возрастов. Впервые среди голосующих  Анастасия Бондарчук воспользовалась правом выбора», — поделилась с нами Гульмира Тультаева.

По данным районной центральной избирательной комиссии, всего в районе действуют семь городских и 25 сельских избирательных комиссий. Из них более десятка тысячи посетили участки к 11:00 часам.

«Сегодня я пришла на свой избирательный участок № 364 как гражданин Республики Казахстан исполнить свой гражданский долг и проголосовать. Для меня это особенный момент в жизни, так как впервые пришла отдать свой гражданский долг»,- поделилась своими впечатлениями Анастасия Бондарчук.

Жители нашего района в этот день шли на выборы, словно на праздник. Людей много с самого раннего утра, погода тоже располагала. На улице было тепло и сухо, столбики термометра показывали плюсовую температуру, а обильные осадки, словно по плану, застыли на время. Избиратели активны, веселы и бодры. В этот день они сделают важный выбор и примут участие в поворотном событии страны.

«Конечно, мы пришли на выборы, да еще и всей семьей. С утра никому не дала покоя, все встали и пришли на выборы. Я считаю, это законное право каждого казахстанца. Мы выбираем своего президента и дальнейшее развитие Казахстана, как сильного государства. Желаю всем мирного неба над головой и хороших перемен»,- говорит Даметкен Ахметова, жительница города Жанатас.

Жанна ЖЕТЕНОВА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.