ҚАРЖЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

0

1993 жылы қараша айының 15 күні ұлттық валюта — Теңге қаржы нарығында айналымға енді. Бұл күн төл теңгеміздің туған күні, әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі біздің негізгі жетістіктеріміздің бірі  ұлттық валюта — теңгенің пайда болуы.

Қазір біздің валюта теңгемізді көптеген мемлекеттер біледі. Біздің теңгеміз өзінің дизайны жөнінен дүниежүзіндегі мықты валюталардың бірі болып есептеледі.

Қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі — мемлекеттің ақшасын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, мемлекеттің экономикасының дамуына жұмыс жасау. Ауданымызда бүгінде осы салада еңбек етіп жүрген  қаржыгерлер ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосуда.

Биыл ұлттық валютамыз – Теңгенің айналымға енгеніне 29 жыл толды. Тәуелсіздіктің ең алғашқы жылдарында ұлттық валютаның айналымға түсуі аса маңызды оқиға болды.

Осы айтулы мерекеге орай,  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Сұлтанғалиев  қаржы саласының қызметкерлерін қабылдап, сала мамандарын төл мерекелерімен құттықтады.

-Бүгінде мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Ел экономикасының одан әрі дамып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуы қаржы саласының жемісті еңбегімен тікелей байланысты. Біздің ауданымыздың да жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосып келе жатқан үлесі зор. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ — береке тілеймін, — деп, аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, өз саласында елеулі еңбек етіп, жоғары жетістікке жетіп жүрген сала мамандарын аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.

С.Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.