ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
«Қарты бар елдің – қазынасы бар» деген ақсақалдарымыздың айтқан әрбір ақылдары жас ұрпаққа өнеге.
Өткен аптада аудандық кітапханада аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ауданға еңбегі сіңген зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында аудан басшысы жиналған қауымға жүзеге асқан жұмыстар жайлы кеңінен айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
-Өмірлік тәжірибесі бай, ауданымызға еңбегі сіңген аға – апаларымызбен бас қосып, ақыл – кеңестерін тыңдау біздің басты ұстанымымыз. Сіздердің ауданның өсіп – өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз зор. Біз сіздерден үлгі – өнеге ала отырып, тәжірибелеріңізді күнделікті өмірде пайдаланумыз керек. Ауданымыздың дамуы жолындағы күнделікті жұмыста, мәселелерді шешуде бізге ардагерлеріміздің пікірі, белсенділігі қажет, — деді.
Кездесуде әр салада еңбек еткен ақсақалдар ауданның қоғамдық өміріне қатысты өзекті мәселелер жөнінде ой қозғап, бірқатар ұсыныстар айтты.
Сонымен қатар, аудан әкімі Марат Қырғызәліұлының аға буынға деген ықыласы мен құрметіне ризашылықтарын білдірді.
Сәулет ЕСҚАРАЕВ,
«Sarysý»