ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ- ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ
Биылғы жыл саяси оқиғаларға толы жыл болды. Саяси жаңғырулар мен өзгерістер арқылы Жаңа Қазақстанды, әділетті және берекелі қоғамды құруға кірістік. Қазақ елі үшін дамудың жаңа сапары басталды.
Осындай аса маңызды сәттерде ел өзінің басшысына иек артқан. Енді бізге әділетті, дамудың дұрыс бағытын айқындайтын көреген көшбасшы керек.
Жақында кезектен тыс Президент сайлауы өткелі жатыр. Жеті жылдық мерзімге. Жеті жыл аз уақыт емес. Жеті жылда көп нәрсе шешуге, көп нәрсені жаңартуға болады.
Сайлауға барша халық бір кісідей атсалысып, өз таңдауын жасайды деп ойлаймын.Ынтымақ ырысқа бастайды. Береке – бірлікті ту етіп, ауызбіршілігімізді көрсетіп, сайлауға қатысайық, дауыс берейік.Бұл сайлау әрбір ел азаматы үшін үлкен жауапкершілік. Себебі, Президент сайлауы елдің болашағы.
М.Мизенбаев,
Еңбек ардагері,
Сарысу аудандық ардагерлер
кеңесінің мүшесі
ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ
Мемлекет басшысының Жарлығымен үстіміздегі жылғы 20 қарашаға Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы белгіленді. Себебі, тұрақтылықты сақтап, елдің одан әрі дамуы үшін көшімізді бастайтын Президентімізді сайлап алу керек.
Қазіргі таңда президенттікке тіркелген кандидаттар белгілі болды. Үгіт – насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сайлау ел өміріндегі салмақты саяси оқиға. Бұқараның әрбір дауысы маңызды.
Еліміздің әрбір азаматы сайлауда өз дауысын беріп, мемлекетіміздің қандай бағытта дамитынын анықтау үшін өз таңдауын жасауға тиіс.
Сондықтан, бәріміз сайлауға белсене қатысып, бір кісідей дауыс берейік.
Сайлауға баршамыздың атсалысуымыз түптеп келгенде ел болашағы үшін маңызды.
А. Тілемісов,
Сарысу ауданы