«САРЫСУ» ЖӘНЕ «САУДАКЕНТ» ХАЛЫҚ ТЕАТРЛАРЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен заңғар жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай  жазушының шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мен халық театрларының шеберлігін шыңдауға бағытталған «Театр- өмір айнасы» атты облыстық халық театрлары фестивалі өтті.

М.Әуезовтың 125 жылдығын атап өту, халық театрларының қойылымы арқылы оның өмірі мен шығармашылығын насихаттап, халық театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы өнерлерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысы аудандары мен Тараз қаласынан 12 халық театр ұжымдары қатысты.

Ауданымыздан барған  «Сарысу» халық театры М.Әуезовтың «Көлбай» спектаклін сахналады. Спектакльдің инсценировкасын жазған театрдың жетекшісі Рабиға Бердісүгірова,қоюшы режиссеры-Нұрбол Серкебаев.

Сондай-ақ  «Саудакент» халық театры  М.Әуезовтың «Телғара» драмасын сахналады. Қоюшы режиссеры Балтабек Баулыбеков.

Екі күнге созылған фестиваль нәтижесінде: «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын Сарысу халық театрының актері — Әмірғали Бақытов «Көлбай» образында,  және «Үздік эпизод» номинациясы бойынша  «Саудакент» халық театры марапатталды.

Сәулет ЕСҚАРАЕВ

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.