МАҚСАТЫМЫЗ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРМЫСЫН ТІКТЕП, ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асу барысы қаралды.

Басқосуда аталған жобаның екінші кезеңіне дайындық шаралары, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі талқыланды.

Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың айтуынша, ұсынылып отырған 10 ауылдық округте 26 072 тұрғын тұрады десек, ондағы аула саны 4386-ны құрайды. Жалпы 1600-ден астам жобаны іске асыру көзделуде.

Қазіргі таңда өтінімдер қабылдау жұмыстары жүруде. Аймақ басшысы өтінім қабылдау, тұрғындар арасында түсіндіру, талдау, есептеу жұмыстары баяу орындалып жатқан аудан басшылықтарынан жауаптар алды. Жұмыстарды жеделдетіп, тұрғындарға құжаттарды дайындау шараларына барынша көмек көрсету керектігін ескертті. Басқарма мен кейбір аудандардың мәліметтеріндегі айырмашылықтарды сынға алып, өзара бірлесіп, ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, әрекет етуді талап етті.

Пилоттық жобаға енген ауылдардағы әлеу­меттік мәселелерді де кешенді түрде шешу, төрт-түлікті асылдандыру үшін қолдан ұрықтандыру жұмыстарының маңыздылығын да атап өтті.

— Мақсатымыз – тұрғындардың тұрмысын тіктеп, табысын арттыру. Азаматтар мемлекеттің қолдауын сезінуі тиіс. Олар жоба аясында жеңілдетілген несие алып, шаруаларын жолға қойып, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалана отырып, өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етуі маңызды. Жауаптылар барлық ұйымдастыру жұмыстарын дер кезінде үйлестіруі керек,-деді Нұржан Нұржігітов.

Бес бағыт бойынша өзге де қатысты басқармалар атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жиын қорытындысымен тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

 

Жамбыл облысы әкімінің

 баспасөз қызметі

Нуржан Нуржигитов:

«Наша цель — повышение доходов населения, улучшение уровня жизни сельчан»

На совещании под председательством акима Жамбылской области Нуржана Нуржигитова  рассмотрен ход реализации пилотного проект по повышению доходов сельского населения.

На совещании были обсуждены меры по подготовке ко второму этапу данного проекта, исполнение ранее данных поручений.

По словам руководителя управления сельского хозяйства Ербола Жиенкулова, в 10 сельских округах, где будет реализован второй этап проекта,  проживает 26 072 жителей (4386 дворов). Предполагается реализация более 1600 проектов.

В настоящее время ведется работа по приему заявок.  Глава региона раскритиковал акиматы районов, где разъяснительная работа и работа по приему документов ведётся не на должном уровне и получил активизировать деятельность в данном направлении. Аким области также указал на то, что это является результатом недостаточной координации со стороны профильного ведомства.

Нуржан Нуржигитов отметил важность комплексного решения социальных проблем в селах, включенных в пилотный проект, а также работы по искусственному осеменению КРС.

— Наша цель- повышение доходов населения, улучшение уровня жизни сельчан.  Граждане должны чувствовать поддержку государства. Важно, чтобы они обеспечивали себя продуктами питания, получая льготные кредиты в рамках проекта, налаживая хозяйство и эффективно используя приусадебные участки. Ответственные лица должны своевременно провести всю организационную работу, — сказал Нуржан Нуржигитов.

В ходе совещания о проводимой работе по пяти направлениям проекта доложили руководители ряда областных управлений.

По итогам совещания акимом области даны конкретные  поручения.

Пресс-служба акима 

Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.