ЖЕРЛЕС ҚЫЗДЫҢ ЖЕҢІСТЕРІ
Жуырда Түркия Республикасының Анталья қаласында әйелдер арасында қол күресінен Әлем чемпионаты өтті. Осы жарыста Сандуғаш Сейдіш жастар арасында қол күресінен (оң қол бойынша) өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Ал, араға үш күн салып, ересек әйелдер арасында қол күресінен (оң және сол қол бойынша) өткен Әлем чемпионатында екі дүркін Әлем чемпионы атанды.
Сандуғаш Сейдіш Жаңатас қаласында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында білім алған. Жаңатас қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзю-додан жаттықтырушы-оқытушы Алиев Низамидің қол астында спортпен шұғылданып бастады. Алиев Низамидің қол астында дзю-домен шұғылдана жүріп облыс чемпионы, республикалық турнирлердің жеңімпазы мен жүлдегері атанып жүрді. Өзінің спортқа деген қызығушылығы мен спортта жеткен жетістіктерінің арқасында 2016 жылы Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған спорт-интернатқа оқуға түсті. Сол оқу орнында жүріп жарақатына байланысты қол күресімен шұғылдануға ауысады. Қазіргі таңда Тараз инновациялық мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ІV курс білімгері.
С.Сейдіштің спортта жеткен жетістіктерін атап айтар болсақ, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2020 жылы – дзю-додан жастар арасындағы ҚР чемпионы. 2021 жылы – әйелдер арасында қол күресінен оң және сол қол бойынша Алматы қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. 2021 жылы – жастар арасында қол күресінен оң және сол қол бойынша Румынияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2022 жылы – Швейцарияда әйелдер арасында өткен арасында қол күресінен Әлем Кубогының жеңімпазы. 2022 жылы – Түркия Республикасы Анталья қаласында жастар арасында қол күресінен (оң қол бойынша) өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегер. Сонымен қатар 2022 жылы – Түркия Республикасының Анталья қаласында ересек әйелдер арасында қол күресінен (оң және сол қол бойынша) өткен Әлем чемпионатында екі дүркін Әлем чемпионы атанды.
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру
және спорт бөлімі