ҚАЗАҚ ЕЛІ, МЕНІҢ – ОТАНЫМ

0

Жаңатас қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен

Республика күніне арналған «Қазақ елі, менің – Отаным» атты интеллектуалды ойын жасөспірімдер  арасында өтті. Мақсаты: Республика күні  қарсаңында  туған еліміз Қазақстан туралы , туған жер, ел туралы көптеген  мәліметтер беріп, тәуелсіздік жолындағы жетістіктерімізді мақтан тұтып, өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.

Іс-шара  ҚР  Әнұранын  шырқаумен басталып,Абылай хан атындағы мектеп — лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі   Ж.Жақып  Республика күнімен қатысушыларды құттықтады. Бірінші  интеллектуалды  ойынымыз «Қазақстан картасы»  жалаушаларға

1.Мемлекеттік рәміздерге неше жыл толды?

2.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

3.Қазақстан мемлекеті Тәуелсіздігін қай жылы алды?

т.б викториналық сұрақтар жасырылды. Ойын арасында қатысушылар, сергіту мақсатында  І.Аманбек, А.Анарбай, А.Нарбай  Република күніне арналған өлеңдерін жатқа оқыды, екінші ойын « Ұлттық рәміздерді құрастыру» мозайкасымен жалғасын тауып, оқушылар өз белсенділіктерін көрсетті.

Республика күніне арнайы жасалған  көрме инсталляциясын кітапхана қызметкері Қ. Бекеева таныстырды.

Камели Сүлейменова,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.