ОТБАСЫМ!

0

Бахыт әкешім аса қымбаттым,

Махаббатыңыз жаныма батты.

Біздерді сыйлап, аса қадірлеп

Анам екеуің бердің ғой тәтті.

Ұйқыңды бөлдің түнгі төртте де,

Оқыттың бізді қалаған жерде.

Жасадың жағдай барыңды беріп,

Болдың ғой үлгі осылай бізге.

Оқып та Құран, атта да шаптық,

Барлығын көріп иманды таптық.

Сансыз шүкірлер Аллахым саған,

Осындай әке бұйыртқан маған.

 

Берді ғой Алла осындай ана,

Сүйдік қой жалғыз тек сені ғана.

Мыңдаған алғыс анашым саған,

Болдың ғой бізге 9 ай пана.

Аман болсыншы дедің ұлыңды,

Жасадың бәрін, бөлдің нұрыңды.

Ақ сүтті беріп, бетімді қақпай,

Айттың ғой бізге даналығыңды.

Тәп-тәтті асың әрқашан дайын,

Тойдырдың бізді отырған сайын.

Жәннатым болып жүре бергейсің,

Анашым тек сен бәріне дайын.

 

Алла қалады тұңғыш болуды,

Бірақ ол шебер қоса бұйырды.

Екі бауыры және қарындас,

Өмірге келді, артына тұрды.

Інім Ерасыл және Бекзатты

Айзеремді де сыйлаймын қатты,

Болмаса олар жүрмес едім мен

Осылай күліп болып бақытты.

Жаратушы иеме шүкір мыңдаған,

Бердің ғой маған барлық сұраған.

Отбасым менің нағыз байлығым,

Аман болсыншы солар әрқашан.

Апаға!

Кетті ғой күндер ағыныменен,

Қалды ғой ізі артынан терең.

Жетпіс екіге толар еді бүгін

Роза апамыз болғанда бізбен.

Аямай айттың ақылды бізге,

Бәрін де бердің апашым өзге.

Сізге сансыз ризамыз апа

Жар болсын Аллам тек өзіңе.

Өмірден өтсе де көңілден кетпейді,

Жүректе бос орын толып та бітпейді.

Эх, шіркін апа, сағыныш сезімі

Менің ойымнан еш өшпейді.

Аузыңнан түспеді есімі Алланың,

Жаттаттың бізге сөзін Құранның.

Тәтті ұйқыда жатуыңды тіледік

Немере, ұлың және қыздарың.

Бүгінгі

күн!

Отыз екі жыл болды, міне, бүгін,

Ризашылықпен өтті ғой әрбір күнім.

Өткен, кеткен тарихқа көз жүгіртіп,

Бір шумақтап берейін елім менің.

 

Желтоқсанның он алтысы тоқсан бірдің,

Тәуелсіздік алдық қой, уа бір шіркін!

Ата-баба армандаған осы күнді

Нәсіп қылды көруге көзі біздің.

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Алғаш болып басқарды елін лайық.

Қиын-қыстау заманда тізгін алып,

Болдығой қазақтарға жүйрік қайық.

 

Қиын ғой негізінде тұңғыштарға,

Күтілген үміт көп болды ол атада.

Дым болмаған кездерді өзгертер деп,

Халқым қылды қанағат жоқ пен барға.

 

Отыз жылдай басқарды біздің жерді,

Орындап біраз арман, төгіп терді.

Кемшіліксіз пенделер жоққой сірә

Сол үшін де құрметтейік осы ерді.

 

Жаңа басшы келдіғой біздің елге,

Тынбай қызмет атқарып осы жерде.

Қасым-Жомарт Тоқаев атам менің

Дауыс берді күллі қазақ жалғыз сізге.

 

Ақталмаған сенімді ақтаймын деп,

Тек қазақ халқын ғана жақтаймын деп,

Сенім арттық жалғыз өзіңізге,

Аманшылықты елімізде сақтайды деп.

 

Жаңа Қазақстанды құрдыңыз,

Ескілердің бәрін қудыңыз.

Отбасы емес бірінші халқым ғой деп

Бізді бәрінен де жоғары қойдыңыз.

 

Абыройды асқақтап күллі әлемге,

Таныды ғой біздерді барлық жерде.

Ризамын мен осындай басшыларға

Халқы үшін жасар бәрін олар әлі де!

Атаға

хат!

Ұзақ ғұмыр сүрмеген,

Жамандықты білмеген.

Атамды мен сағындым

Ұрсып бізге көрмеген.

 

Байтерексің ата сен,

Сыйлы болдың елге кең.

Абыройың асқақтап

Асқар таумен болды тең.

 

Ақ халатты абзал жан,

Еңбегіңе бәрі таң,

Мұғалімді жар қылдың

Сүйіп ұрпақ сол қыздан.

 

Бахыт пенен Мейіржан,

Салтанат пен Асылжан,

Жанарың да жүр сенің

Бәрі таза адал жан.

 

Тұңғышың болды дәрігер,

Төкті еліне еңбек тер.

Өзіңді үлгі тұтып-ап,

Болдығой сендей нағыз ер.

 

Жанарың сенің кемеңгер,

Ол да болды дәрігер.

Мақтанышпен айтамыз,

Қазір қызың миллионер.

 

Қажы болды бір ұлың,

Қадірлеп ішкен өз суын.

Туған жерін басқарды,

Биік көтеріп көк туын.

 

Кенжең жүрғой шет елде,

Қылып қызмет осы елге.

Сен баспаған жерлерді

Көрсетті ол біздерге.

 

Ал кішкентай Салтанат,

Кеңге жайып қос қанат.

Ауыз толтырып айтайық

Жасады кәсіп алдына қарап.

 

Батыр ана ғой келіннің бәрі,

Фарида, Гүлназ, Әлия әрі

Осы ұрпақты тоқтатпай олар,

Үй іші қуанышқа толады әлі.

 

Күйеу ұлдарың мықтығой,

Біз үшін бәрін жықтығой.

Алғилардан қыз алған,

Азамат, Жамбыл рухтығой.

 

Жаттадың Құран, оқыдың намаз,

Ұрыстың бізге, алайда аз,

Махаббатың деп білеміз апа

Берген сыйыңа немерең мәз.

 

Қателеспе дегенсің,

Ақылыңды бергенсің.

Ұл-қызыңның қызығын

Апашым сен көргейсің.

 

Бердіғой Алла бізге де бақ,

Өстіғой бәрі пейілі ақ.

Аташым алғыс жалғыз өзіңе

Осындай қазір сіздің ұрпақ.

Автор: Иябай Бекасыл Бахытұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.