КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС ӨТТІ

0

Апта ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында  аудандық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Есмаханов,  аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, аудан әкімінің аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, президенттікке  кандидаттардың сенім білдірген өкілдері  қатысты.

Басқосуда  аудандық  сайлау комиссиясының  төрағасы Д.Шортанбаев кіріспе сөз сөйлеп, жиынды жүргізіп отырды.

Сонымен қатар  аудандық сайлау комиссиясының мүшесі И.Домалақов  сайлау алдындағы  үгіт жұмыстары туралы хабарлама жасап, жан-жақты тоқталып өтті. Одан  кейін  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Алтынбекова   сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңінде  бұқаралық ақпарат құралдарында  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын сақтау туралы айтып өтті.

Аудандық прокуратураның өкілі Д.Қожабеков «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарының сайлау процесі  кезеңінде орындалуын бақылау туралы түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы  С.Артықбаев  сайлау процесі  кезеңінде санитарлық  эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы кеңінен түсіндірді.

Қатысушылар тарапынан «Сайлау кезінде интернет желісінің жылдамдығын арттыруға, үздіксіз жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуді сұрады».   Аудандық сайлау комиссия төрағасы бұл мәселе шешуін табатынын айтты.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары  Е.Есмаханов сайлау кезінде заң бұзушылықтың алдын алып,  оны болдырмау керектігін ескертті.

С.Есқараев,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.