ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП ЖЕТЕКШІСІ САРЫСУ АУДАНЫНДА

0

Осы аптада облыстық мәслихаттың хатшысы, ақпараттық топ жетекшісі Махметғали Сарыбеков Сарысу ауданына арнайы іссапармен келді. Махметғали Нұрғалиұлын аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қарсы алып, әлеуметтік нысандарды

аралатты.

Алдымен аудандық кітапханаға барған облыстық мәслихат хатшысы жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Ұлт рухының жаршысы» атты оқырмандар конференциясына қатысып, жазушы шығармашылығы жайындағы пікірін ортаға салып, ой бөлісті.

Одан әрі Мемлекет басшысының халыққа жолдаған кезекті Жолдауын кеңінен насихаттау, сондай-ақ тұрғындарды жан-жақты ақпараттандыру мақсатында ауданымыздың іргелі кәсіпорындарының бірі – «Казфосфат» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесіп, Жолдауда берілген тапсырмалар мен міндеттердің басымдылығына тоқталды.

Сондай-ақ Жаңатас көпсалалы колледжінің де жұмысымен танысып, оқу орнының білімгерлерімен кездесіп, келешегін бағдарлайтын жастарға жасалынып жатқан мүмкіндіктер жайында еркін пікір алмасып, ел дамуы жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдай отырып, елінің отансүйгіш азаматтарының бірі ретінде алдағы саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Сарысу ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.