МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ӘР АУЫЛҒА ЖЕТКІЗУГЕ ТИІСПІЗ – НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ

0

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жамбыл ауданындағы бірқатар ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен 854 кездесуі өтсе, оның 25-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған.

Ақбастау ауылдық округіндегі жиында жергілік, тұрғындар Шоқай ауылындағы мектеп құрылысының тоқтап қалғандығын, «Сейдалы» каналын жөндеу-тазалау, жол, балабақша салу және тағы басқа мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі ауылдықтардың барлық сауалына жауаптар беріп, аймақта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

— Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен өңірде көптеген оң өзгерістер орын алып, әлеуметтік  мәселелер шешілуде. Оның бір мысалын өздеріңіздің аудан, ауылдарыңыздан да көруге болады.

Облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін халық саны 200-ден асатын облыстағы барлық елді мекендер ауыз су, табиғи газбен толығымен қамтылып, жолдардың сапасы барынша жақсарады.

Ел Президенті адами капиталды дамытуға айрықша басымдық беруде. Бұл тұрғыда білім саласына барынша көңіл бөлінері сөзсіз. Бізге жыл сайын қажеттілікке қарай 20 жаңа мектеп салып отыру маңызды. Жыл басынан бері 14 мектеп пайдалануға берілсе, 4-і жаңа жылға дейін тапсырылып, тағы бес мектептің құрылысы келер жылға өтпелі болып отыр. Келер жылдан бастап «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге аса бастайды.

Шоқай ауылындағы мектептің құрылысы келер жылы толығымен аяқталатын болады. Биыл қосымша оған 100 миллион теңге қаржы бөлінді,-деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы алдағы 2-3 жылда суармалы алқаптың көлемін 200 мың гектарға жеткізу үшін жан-жақты жұмыстар жүрзіліп жатқанын айтып, бетондауға жататын 16 каналдың қатарында «Сейдалы» каналы да бар екенін атап өтті.

Сол секілді жол жөндеу жұмыстары рет-ретімен жүзеге асып жатқанын, балабақша салу мәселесі жеке инвестор есебінен шешілу керектігін, ол үшін мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.

Ақбастаулықтар сөз соңында өңірде, ауылда атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, ризашылықтарын білдірді.

Дәл осындай кездесу Айша бибі ауылдық округінде де өтті. Жергілікті тұрғындар жол қозғалысына, мал өткеліне, су каналдарын тазалауға қатысты сауалдарын жолдап, жауаптар ала білді.

Облыс әкімі ауылдықтарды бірлікке шақырып, жетістікке жету үшін ортақ жауапкершіліктің, билік пен бұқара арасындағы өзара сенімнің маңыздылығын баса айтты. Тәртіп пен заңдылықты сақтау – негізгі міндет екенін еске салды.

Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

Жамбыл облысы әкімінің

баспасөз қызметі

Государственной поддержкой следует охватить все сельские округа, — Н.Нуржигитов

В соответствии с Указом Главы государства «О проведении встреч акимов с населением» аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов встретился с жителями Жамбылского района и провел прием граждан по личным вопросам.

Во встречах также принимали участие представители правоохранительных органов региона и областных управлений.

Жители Акбастауского сельского округа подняли ряд вопросов, в том числе касающихся возобновления строительства школы в селе Шокай, ремонта канала Сейдалы, строительства дороги и детского сада.

Аким области ответил на все вопросы сельчан и кратко остановился на работе, проводимой в регионе.

— По поручению Главы государства, при поддержке Правительства в области происходит много позитивных изменений, решаются социальные вопросы. В соответсвии с Планом развития региона до 2025 года все населенные пункты с численностью свыше 200 человек будут полностью обеспечены питьевой водой, природным газом, качественными дорогами.

Президент страны уделяет особое внимание развитию человеческого капитала. Масштабная работа проводится в сфере образования. Нам важно ежегодно строить 20 новых школ. С начала года введено в эксплуатацию 14 школ, еще четыре будут сданы до нового года, строительство еще пяти завершится в следующем году. Также со следующего года начнется реализация Национального проекта «Комфортная школа» и завершится возведение школы в селе Шокай. Для этого в этом году дополнительно выделяются 100 миллионов тенге, — сказал Нуржан Нуржигитов.

Также глава региона рассказал о том, что в течение двух-трех лет планируется провести комплексные работы по увеличению площади орошаемых земель до 200 тысяч гектаров. В числе 16 каналов, которые будут забетонированы, есть и канал Сейдалы.

Аким области отметил, что ремонт дорог проводится согласно плану, вопрос строительства детского сада должен решаться за счет частного инвестора, которому будет оказана соответствующая поддержка со стороны государства.

Встреча с населением прошла и в Айшабибинском сельском округе. Местные жители получили ответы на вопросы, касающиеся обеспечения безопасности дорожного движения, обустройства скотопрогонов, очистки каналов.

Аким области призвал сельчан к единству и подчеркнул важность взаимного доверия между властью и населением.

После встреч Нуржан Нуржигитов провел прием граждан по личным вопросам.

Стоит отметить, что на сегодняшний день в регионе акимами разных уровней проведены 854 встречи с населением, из них 25 — с участием акима области.

Пресс служба акима

Жамбылской

 Области

Leave A Reply

Your email address will not be published.