САРЫСУ АУДАНДЫҚ СОТЫ «АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ 6-БАБЫНА САЙ ТӨМЕНДЕГІ ТҰЛҒАЛАРҒА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛЕТІНДІГІН ХАБАРАЛАЙДЫ.

0

1) Соттар асыраушы-сының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде қуынушыларға;

2) Егер сот қарап жатқан дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын қуынушылар мен жауапкерлерге;

3) Алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасайды.

4) Осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы-ның заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

5) Адвокат бюджет қаражаты есебінен көрсететін заң көмегінің негіздері «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында  және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасы-ның қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленеді.

6) Құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін өтініш беруші жүгінгеннен кейін бірден көрсету мүмкін болмаған кезде, ол жүгінген кезден бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты туралы қолжетімді нысанда хабардар етілуге тиіс. Егер өтініш беруші жүріп-тұру қиындығына байланысты асқынған ауруы, мүгедектігі салдарынан адвокаттың белгілеген қабылдау орнына келе алмайтын болса, құқықтық консультация беру оның болатын жерінде өткізіледі. Мұндай жағдайларда құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін көрсетудің ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы ұзарта алады. Адам дәл сол бір мәселе бойынша құқықтық көмекті бір рет ала алады.

6) Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды осындай көмекті ұсынатын адвокат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.

7) Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегіне ақы төлеу адвокаттың орындаған жұмысы туралы актінің және тиісті адвокаттар алқасы өтінімінің негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

8) Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін, сондай-ақ адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.