ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

0

Мемлекетімізде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан — көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Біздің бұл әрекетіміз мемлекетіміздің алға жылжуы мен дамуына үлкен үлес қосқанымыз болып табылады.

Дегенмен, мемлекеттік қызметте болу өздеріңіз білесіздер үлкен жауапкершілік, қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен».

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бұл-әрбір қазақстандық азаматтың парызы, ескерту шараларының артықшылығы жоқ деп ойлаймын. Жылдан жылға мемлекеттік қызметкерлер мәртебесін көтеру, әлеуметтік қамсыздандыру, жалақысын көтермелеу сияқты жағдайлар жасалуда. Осы орайда, өз тарапымыздан мемлекеттік қызметкер атымызға лайық болып, мәртебемізді жоғарылатайық.

Теріс қылықтар жасап, атымызға кір келтірмейік. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыз жемқорлықсыз адал қоғамда өмір сүрсін.

Е.Сұлтанбеков

Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бөлім

басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.