АУДАН ӘКІМІ М.СҰЛТАНҒАЛИЕВТІҢ СПОРТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті спортшылар, спорт мамандары мен спорт саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз- Спорт күнімен құттықтаймын!
Спорт қай заманда да адамзатты бейбітшілік пен берекелі тірлікке үндеп келеді.
Қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіші — адамның денсаулығы десек, оны нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың алар орны ерекше. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қазақстандықтарды бұқаралық спортқа көптеп тарту шараларына басты назар аударылып келеді.
Осы саланың дамуына мемлекет тарапынан тиісті жағдай жасалынып, Қазақстан халқын барынша бұқаралық спортпен қамту міндеті алға қойылған.
Бұл бастама біздің ауданымызда да жүзеге асып, бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді.
Біздің ауданымызда 5 спорт мектебі жұмыс істейді, оларда 83 жаттықтырушы 3 мыңға тарта баланы 20 спорт түрінен баулиды. Спорт мектептерінің жылдан-жылға материалдық-техникалық базасы да нығаюда.
Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Спортшыларымыз түрлі байрақты бәсекелерден олжалы оралып, биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын үлкен додаларда асқақтатты.
Жыл басынан спортшыларымыз халықаралық, республикалық және облыстық турнирлерден 90 алтын, 51 күміс, 91 қола медалдар иеленді.
Ауданда қазіргі таңда 2 спорт кешені, 1 стадион, 30 спорт залы, 132 спорт алаңшасы халық игілігіне қызмет етеді.
Мұның барлығы түптеп келгенде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың қатарын көбейтіп қана қоймай, спортқа жастайынан баулу, олардың жарыс аренасында жоғарғы жетістіктерге жетуіне жағдай жасайды.
Құрметті спортшылар мен спорт жанкүйерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, жақсы жетістіктер тілеймін.
Байрақты жарыстарда туымыз биік болсын!
Жеңісті күндер көп болсын!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын
Құрметті спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Денсаулық, сергектіктің бұл мерекесі айналасында спорт пен салауатты өмір салтының барлық жақтастарын біріктіреді.
Спорт — бұл денсаулық, сұлулық, рухтың беріктігі. Бүгінде елімізде спорттың әр түрі дамып келеді.
Бұқаралық спортты дамыту мемлекетіміздің саясатының маңызды басымдығы болып табылады.
Елімізде спортты халық арасында, бірінші кезекте, жастар арасында танымал ету мәселесіне көп көңіл бөлініп, спортқа және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударылуда. Спорттық инфрақұрылымы нығайып, заманауи спорт ғимараттары пайдалануға берілуде. Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылып, спорт клубтарының саны өсуде.
Жоғары жетістіктер мектеп ауласынан, балалар спорт алаңдарынан және секциялардан басталады. Бүгінде ауданымызда спортпен айналысуға, тұрғындарға қолжетімді болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Жыл сайын спортшылар мен спорт сүйер қауым, салауатты өмір салтын жақтаушылар қатары толығуда.
Ауданда елеулі нәтижелерге және салмақты жеңістерге қол жеткізген чемпиондарымыз тәрбиеленген. Әр түрлі халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысушы ауданның спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз.
Жоғары шеберліктің, қажырлы жаттығудың және жеңіске деген зор жігердің арқасында сарысулық спортшыларымыз Азия чемпионаттарының жүлдегері атанды. Бұл отандық спорттың бәсекеге қабілеттілігінің тағы бір жарқын дәлелі. Республикалық және облыстық жарыстарда аудан спортшылары алтын, күміс және қола медалін жеңіп алды. Олар өз үлгісімен басқаларды шабыттандырады, жеңіске жетелейді.
Осы мереке күні барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, дене шынықтыру қозғалысының белсенділерін шын жүректен құттықтай отырып қажымас қайрат пен мықты денсаулық тілеймін.
А.Сейналиев,
аудандық мәслихаттың хатшысы