ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ СӨЗ БОЛДЫ

0

Апта ішінде ауданымызға Қазақстан экологиялық қозғалысының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Призденті жанындағы ұлттық құрылтайдың мүшесі Азаматхан Әміртай іссапарымен келді.

Ең әуелі Саудакент ауылының тыныс-тіршілігімен танысып, округ әкім аппаратының мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде Қазақстан экологиялық қозғалысының жетекшісі А. Әміртай сөз алды.

-Біз Астана, Алматы және барлық облыстың әкімдіктерінде кездесулер өткіздік. Барлығымен меморандумдар жасадық. Жиындарда аймақтардың экологиялық мәселелеріне тоқталып, өзектілерін күн тәртібіне дереу шығардық. Біз облыстардағы экологиялық мәселелердің түйінін шешуде қиындықтар бар екенін байқадық.

Аталған проблемаларды шешу үшін «Байтақ болашақ альянсы» қоғамдық бірлестігі үкіметпен бірлесіп жұмыс жасамақ. Қазақстанда жыл сайын 22 млрд тонна көлемінде шикізат қалдықтары ауаны ластайды. Мұның ішінде түрлі-түсті металлургия саласының үлесі басым. Сондықтан жасыл экономикаға көшуге деген қадамдарды құптаймын. Экологияны ластау, оған мән бермеу үлкен зардапқа әкеліп соқтырады. Біздің альянс мүшелері осы мәселелерге қоғамның назарын аударғысы келеді. Біз бұл орайда Үкіметпен тығыз байланыс орнатып, экологияны ластаудың алдын алу үшін тиімді шаралар қарастыратын боламыз», — деп атап өтті.

Жиынға қатысушы тұрғындар ой- пікірлерімен бөлісіп , « жайылымдық су»,  «60  пайыз  зиандылығы үшін жәрдемақы төлеу» мәселесін көтерді.

Оған А.Әміртай алдағы күнде бұл мәселелерді құзырлы органдарға жеткізіп, шешу жолдарын қарастыратынын айтт.

Одан кейін  «Жел элктор станция», «Еврохим», «Қазфосфат» компанияларының  өндіріп жатқан өнімдерін және экологиялық зияндылық тұстары бар –жоғына, компанияның жергілікті тұрғындарға қандай көмек көрсетіліп жатқанына  зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар  ауданық орталық кітапханада қала тұрғындары және қаламыздағы компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Басқосуда қала тұрғындары жан-жақты экологиялық мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.

С.Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.