ЖАҢА КІТАП ОҚЫРМАНДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

0

Жаңатас қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2022-Балалар жылы аясында „Жаз. Балалар. Кітап„ жазғы оқылым жобасы ашық аспан астында „Балаларға базарлық„ тақырыбында жерлес ақын- жазушымыз Сарысу ауданының Құрметті Азаматы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық  „Алаш„ және „Дарабоз„ сыйлықтарының лауреаты Пернебай Дүйсенбиннің, Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері” атты кітабының тұсаукесері мәдениет скверінде өтті.

Іс-шара барысында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  директоры Жолмаханова Айтбала Абухасқызы жаңа кітаптың тұсауын кесіп, автор өзінің кітабына тоқталып өтті.

Пернебай Дүйсенбин  қала тұрғындары арасынан белсенді оқырмандарға жұмбақтар, мақал- мәтелдерден байқау жариялап, өзінің жаңа кітабын ең үздік оқырманға ұсынды. Жаңатас қалалық балалар кітапханасына да жаңа кітаптарын сыйға тартты. Кітапхана қызметкері Р.Тажиева „Мақалды тап” атты суретті мақалдардан ойын ұйымдастырса, Қ. Бекеева ”Жерлес ақынды танисың ба?” атты мозайка ойынын ойнатты. П. Дүйсенбиннің кітаптарынан фотостендтер қойылып, оқырмандарымыз селфиге түсті. „Жусаны жұпар туған жер” атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Р. Оспанова библиографиялық шолу жасап, көрмеге қойылған П.Дүйсенбиннің „Сарысунама”, „Жаңатас дастаны”, „Ертегім, менің ертегім”, „Ән салшы әке”, „Ұлт батырлары”, „Зертөбе” және балаларға арналған кітаптар қойылып, насихатталды. Кеш соңында іс- шараға атсалысқан қала тұрғындары мен белсенді оқырмандарымызға тәттілер үлестіріп берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.