ТҮНГІ КІТАПХАНАДАҒЫ ФЕСТИВАЛЬ
Жаңатас қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Балалар жылы аясында„ Жаз. Балалар. Кітап„ атты жазғы оқылым жобасы ашық аспан астында„ Жұлдызды түн” атты түнгі кітапхана фестивалі мәдениет үйінің скверінде болып өтті.
Іс-шара барысында „Мен оқырманыммен мақтанамын” атты бейнеслайд қала тұрғындарына көрсетілді. „Кітапхана шақырады” атты флешмоб биімен түнгі кітапхана фестивалі ашылып, „Кітапханадағы поэзия түні” еркін тақырыптағы әдеби композицияда оқырмандар өздерінің өлең жырларын жатқа айтып берді. Шара жалғасы „Аю мен Маша”, „ Мая”, „Қу түлкі мен Тышқан” және „Сиқыршы” қызықты ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жалғасын тапты. „Мая” атты бал арасы „Библиодрайв” би батл алаңында оқырмандармен би жарысын ұйымдастырды. „Кім мерген?” атты шарларды ату ойынын Аю ойнатса, ұлттық ойындар алаңында „Ұлттық қазына” атты асық ату, тоғызқұмалақ пен арқан тарту ойындарын Сиқыршы жүргізіп шықты. „Intelektum” алаңында балалар түрлі логикалық қызықты сұрақтарға жауап берсе, жеміс-жидектерге жасырылған биылғы атаулы күндерден құралған сұрақтарға „Тәтті ассорти” ойынын түрлі жеміс- жидектерден құралған сұрақ-жауап алаңында қала тұрғындарымен ойнатылды. ”Сүйікті кітаппен селфи” фотостенд алаңында биылғы мерейтой иелері Ахмет Байтұрсынұлы мен Бердібек Соқпақбаевтың „Менің атым Қожа” шығармаларынан үзінділер қойылса, „Кітап ханшайымы”, „Кітапхана” атты кітап инсталлиятциясы қала тұрғындарына таныстырылды. „Әдемілік бізге көптік етпейді„ дрескот подиум сән үлгісі алаңында кітапханамыздың сұлу оқырмандары өздерінің әдемі сәнді киімдер үлгісін көрсетсе, „Релаксия” кітаппен сырласу алаңында кітапханамыздың оқырмандары өздерінің жан тыныштығын кітаптан алатыны жайлы айтып, және де өздерінің оқыған шығармаларынан қысқаша баяндап, қала тұрғындарын кітап оқуға шақырды. „Жылы жүрек- жақсы тілек” алаңында қала қонақтары мен тұрғындар өздерінің ақ тілектерін жазып қалдырса, „Кел шырқайық” ән шашуымен кітапхана қызметкерлері А.Қойлыбекова „Еркемін”, Р.Қайырбекова „Балауса„ әнін шырқап, қала тұрғындарына әсем көңіл күй сыйлады. Кеш соңында „Оқырманға алғыс„ тосын сый айдарында Сарысу ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жолмаханова Айтбала Абухасқызы кітапхана түні фестивалімен құттықтап, осы кешке келіп қатысқан барша қала қонақтары мен кітапхана оқырмандарына өз алғысын білдіріп, кішкентай бүлдіршіндер мен қонақтарға сыйлықтар үлестіріп берді.
Камели Сүлейменова,
«Sarysý»