ЖАСТАР- ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

0

Қазіргі таңда қоғам биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш- жігерлерін, білімдерін еліміздің гүлденуіне жұмсамақ. Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үміт әрқашан сөнбейді. Тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмаған.

Жамбыл облысы мемлекеттік жастар саясаты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы ауданымызда іске асуда. Аталған бағдарлама аясында рухани- адамгершілік, спорттық, мәдени- шығармашылық, құқықтық, діни, психологиялық, экологиялық, этносаралық, әскери – патриоттық бағыттар бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мекеме мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыра отырып, «Жасыл ел» жасақтары, қайтарымсыз гранттар және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап, түрлі салада кеңестер берілді.

Жалынды жастарымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап, тәуекелге бел байлай отырып шешім қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаларды, өз елі мен жерінің, туған тілінің жанашырларын өркениетті сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастырудамыз. Олар ата- бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, сонымен қатар ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Біз жастарға сенеміз!

С.Тоқбанов,

аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.