ОМИКРОН ШТАМЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

0

Коронавирус инфекциясы әлемге таралған адамзатқа аса қауіпті індеттің бірі болып табылады. Қазіргі таңда әлемге таралып жатқан коронавирус инфекциясының жаңа штамы –Омикрон. Бұл штамның ерекшелігі жылдам таралуымен қауіпті.

Жалпы жұқпалы аурулар мен коронавирус инфекциясы өте ұқсас. Оны жәй адамның ажыратуы оңай емес.

Коронавирус белгілері дене қызуының көтерілуі (37,5-38градус), әлсіздік, бас ауруы, құрғақ жөтел, демікпе, иіс, дәм сезбеу, кей жағдайда диарея да болуы мүмкін. Дене қызуымен, жөтелмен қатар демікпе болса, оның коронавирус екенін анықтауға болады. Тұмаудың инкубациялық кезеңі 1-4 күнге дейін болса, коронавируста 2 күннен 14 күнге жалғасады”.

Сонымен қатар жұқпалы аурулардың асқынуы күрделі ауруларға ұласуы мүмкін.

„Мәселен, тұмау асқынса, отит, синусит, менингит, пневмонияға ұласуы ықтимал. Ал коронавирус асқынса, өкпе эмболиясы, миокардит, перикардит, спонтанды пневматороксқа алып келуі мүмкін”.

Коронавируспен бір рет ауырған адам екінші мәрте де жұқтырып алуы мүмкін. Тіпті симптомсыз өтіп кеткен болса да, екінші мәрте қиын өтуі әбден мүмкін. Бұның барлығы адам ағзасының иммунитетіне байланысты.

Жалпы жұқпалы аурулардың алдын алу үшін тиісті зерттеу тапсырып, дәрігердің кеңесімен комплексті витамын қабылдаған жөн. Иммунитетті көтеріп, таза ауада серуендеп, жеке бас гигиенасын сақтап, маска тағып, дұрыс тамақтанып, уақтылы ұйықтау қажет.

Егер адам өзін нашар сезініп, қызуы көтеріліп демікпені сезсе, тыныс алуы қиындаса дереу жедел жәрдем шақыруы қажет. Тіпті коронавирус емес, ЖРВИ болған жағдайда науқас өздігінен дәрі- дәрмек қабылдамауы керек. Міндетті түрде учаскелік дәрігерге барып, тағайындалған емді ғана алуы қажет.

Індетті жою үшін жоғарыда аталған аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамын.

Қ.Сатов,

дәрігер эпидемиолог

Leave A Reply

Your email address will not be published.