БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫНДА ШЕК ЖОҚ
Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең. Лагерь – кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді.
Жыл сайын ауданымызда «Жұлдыз» жазғы лагері жұмыс істеп, үш ауысымда мыңға жуық балалар демалады. Негізінен мұнда «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде жұмыс істейтін кеншілердің балалары демалып, жазғы демалыс күндерін көңілді өткізеді. Сонымен қатар, Тараз, Қаратау қалаларынан да кеншілердің балалары келіп демалады.
Оқушылардың жазғы демалысын барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған. Бірінші ауысымда ауданнан 100 бала демалып қайтса, өткен жексенбі күні 118 бала демалуға аттанды. Екі үлкен автобусқа отырған балаларды «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің кәсіподақ төрағасы Ізбасар Абилгазиев шығарып салып, демалыс күндерінің қызықты да, қуанышты өткізуіне тілегін білдірді.
Камели Сүлейменова,
«Sarysý»