АУРУХАНАІШІЛІК ИНФЕКЦИЯЛАР

0

«Ауруханаішілік инфекциялар — бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік- экономикалық зардабы өте үлкен.

Қазіргі кездегі емдеу- диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне қарамастан, ауруханаішілік инфекция мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көп керек етеді.

Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің мәліметтеріне қарайтын болсақ, ауруханаішілік инфекция ауруханада жатқан адамдардың 5-20% кездеседі.

Зарарсыздандыру- ауруханаішілік жұқпаны (ВБИ) алдын алудағы ең негізгі бағыттардың бірі. Медицина қызметкерлерінің осы қызметінің мақсаты қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою болып табылады. Ауруханаішілік жұқпаның пайда болуын үшке бөлуге болады: пациенттер  емханалық көмек алу және стационарлық көмек алу барысында  жұқтырады,ал медициналық қызметкерлер медициналық көмек беру барысында жұқтырады. Жұқпаны жұқтыру орнының үш түрін біріктіретін жер – емдеу мекемесі. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық бюросы ауруханаішілік жұқпаға мынадай анықтама берді: «Ауруханаішілік жұқпа- бұл кез келген клиникалық белгілері анықталған жұқпалы ауру, ауруханада пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып алады немесе осы емдеу сауықтыру мекемесіндегі медицина қызметкерлері медициналық көмек беру барысында жұқтырып алады». Ауруханаішілік жұқпаның пайда болу себептерін объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады. Объективті себептер бұл емдеу мекемесінің жетекшісіне байланысты емес себептер: — қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы; — көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі; — антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында кең қолданылуының сенімді ақтамауы. Екінші себеп- медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз дайындалуы (сапасыздығы).

Біз диагностикалық және емдеу технологияларының нағыз агрессиясымен кездесіп отырмыз. Парентеральдік берілу кір, пайдаланылған шприц пен инені қолданғанда, залалданған препараттарды қанға енгізгенде кездеседі. Медицина қызметкерлерінің антисептика мен асептика ережелерін сақтамауы, қолды дұрыс өңдемеуі, инструменттерді дұрыс дезинфекцияламауы, стерильдемеуі осындай жағдайға әкелуі мүмкін. Емшек еметін жас нәресте, анасынан жұқтыруы мүмкін. Тағамды дайындау технологиясының бұзылуы, тағам жасайтын орындарда істейтін жұмысшылар инфекция тасушы болса, ішек инфекцияларының пайда болуына әкелуі мүмкін. АІИ қазіргі кезде өсіп- дамуы мына факторларға байланысты: ірі ауруханалық комплекстердің құрылуы, аурулардың бір-бірімен күнделікті және тығыз араласуы, инфекцияны тудырушылардың күшті және жасанды жұғу механизмінің қалыптасуы. Бұл инвазивті емдеу мен диагностикалық процедураға байланысты. Емдеу мен диагностикада стерилизацияның ерекше әдістерін қажет ететін күрделі техниканы қолдану да өз әсерін тигізуде. Инфекциялық ауру туғызушылардың жұғу механизмінің белсенділігі әсіресе, емдеу орындарындағы аурулар мен дәрігерлердің тығыз араласуы кезінде тұрмысты- контакті ауа арқылы таралуы мүмкін. Стационарға әлі анықталмаған инфекциялық аурулармен түскен адам инфекцияның негізгі көзі, қайнары болып табылады. Антимикробтық препараттарды бақылаусыз қолдану. Әртүрлі  дәрілік заттарға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген микроорганизмдердің қалыптасуы. Халықтың қоршаған орта өзгерістеріне, өмір сүру шарттарына төзімділігі мен тұрақтылығының төмендеуі.

Құрметті ата-аналар, ауыл тұрғындары, ауырып медициналық көмекке жүгінгенде емдеу кезінде қолданылатын барлық медициналық мақсаттағы бұйымдардың бір реттік және стерильді болуына көңіл бөліңіздер.

К.Таңатарова, аудандық санитарлық- эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.