ОТБАСЫЛЫҚ СОТ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ

0

Сарысу  аудандық сотында  «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында   2019 жылы «Бастау» жұмыс тобы құрылды. Аталған топ 13 мүшеден тұрады. «Бастау» жұмыс тобының негізгі міндеті — отбасы мәселелерін шешуге бағытталған. Олар жанұяны сақтап қалумен қатар, олардың ажырасудағы себеп-салдарына үңіледі. Осы арқылы жұбайларға дұрыс жол сілтеп, кеңестерін береді. Тіпті, жұмыссыз жұптардың екі қолға бір күрек табуына, жас аналардың арнаулы білім алуына, қысқа мерзімді оқуларды игеруіне ықпал етіп, мүмкіндік жасайдды.

2019 жылы — 35, 2020 жылы – 40, 2021 жылы – 41, 2022 жылы – 16 отбасының  аудандық сотта «Бастау» тобымен бірлесіп    некелері сақталып қалды.

Сонымен қатар отбасын қолдап, балаларды қорғайтын жұмыс тобы неке қидыруды қалайтын жұптарға неке-отбасы заңнамасы жөнінде консультация беру жөніндегі іс-шараларды АХАТ органдарымен ұйымдастырылуда. Олар сонымен қатар отбасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері, жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен реттеу жөнінде де көмек көрсетуде.

Ж.Төлепбергенқызы судья

Leave A Reply

Your email address will not be published.