МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ–АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

0

Қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты.

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоя отырып, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы қажет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Мемлекеттік қызметшілер басқаларға өзінің ісімен, білімімен, біліктілігімен, тәжірибесімен және әділдігімен үлгі болуы тиіс. Қарапайымдылық, сабырлылық, отансүйгіштік, жігерлілік мемлекеттік қызметкерге тән қасиеттер.

Әдеп жөніндегі кодексі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы  болып саналады. Бұл құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігі артады. Моральдық-этикалық келбеті, талаптар ауқымы белгіленеді.

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірден бір алғышарты.

Ең бастысы, мемлекеттік қызметшілер халықтың сенімін ақтап, Отанға қызмет етуі керек. Олардың кәсіби біліктілігімен қатар, адами құндылығы да жоғары болуы тиіс. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтің сапасы артады.

Мемлекеттік қызметшіні  халықтың қызметшісі деп бекер айтпайды. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Алдына келген әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, дұрыс түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу негізгі парызы.

«Елге қызмет — абыройлы міндет», — десек,  онда мемлекеттік қызметшілердің көтеретін жүгі ауыр,  жүктелетін талап та күшті.

Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.