АНАЛАР МАРДАҚТАЛДЫ
Апта ішінде аудандық орталық кітапханада аудан әкімі М.Сұлтанғалиев көпбалалы 3 анаға «Алтын алқа» және 17 анаға «Күміс алқа» медалін салтанатты түрде тапсырды.
Жиында аудан әкімі құттықтау сөзінде:
— Сіздер ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлғасыздар. Отбасында бала тәрбиелеп, әр салада тынбай еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосқан сіздердің еңбектеріңіз әрқайсымыз үшін үлгі – өнеге.
Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, ғұмырларыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Осынау мәртебелі дәрежелеріңізбен шын жүрекпен құттықтаймын, – деді.
Одан кейін көпбалалы аналарымыз осындай қолдау білдіріп, қамқорлық танытып отырған мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа, аудан басшылығына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
С.Рысбекұлы,»Sarysý»