КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ

0

Бунақ аяқты қансорғыштар тобына жататын кенелер адам өміріне аса қауіпті.

Көктем- күз айларында қарқынды қансыраумен жоғарғы өлім жағдайларымен айқындалатын,  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы- аса қауіпті инфекцияның табиғи ошақтары Жамбыл облысының Сарысу, Талас, Мойынқұм, Жамбыл, Байзақ аудандары және Тараз қаласы аумағында орналасқан.

Аталған ауру қоздырғышы- ның негізгі тасымалдаушысы–қан сорғыш бунақ аяқты иксодты кенелер болып табылады.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы алғаш рет 1944 жылы сипатталған. Қырымда аурудың жіті кезеңінде науқастардың қанынан және иксодты кенелерден вирус бөлінген және оның аурудың этиологиялық факторы ретінде дәлелденген  болатын. 11 жылдан кейін Конгода адамдардан осыған ұқсас аурулары тіркелген. Бөлінген қоздырғыш Қырымнан бөлінген вирусқа ұқсас болған. Сондықтан, 1985 жылы  сарапшыларының шешімімен «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» атауы ресми түрде танылған.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының жұғу жолдары:

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының  жұғу жолдары:

Трансмиссивті (кененің шағуы) тері арқылы

Контактті (кененің қанымен, ауру мал қанымен, ауру адам қанымен жанасқанда) тері арқылы және көздің шырышты қабығы арқылы.

Аэрогенді -аэрозоль (ауыз-қуысы,тыныс алу жолдарының және көздің шырышты қабығы арқылы)

Ауру адам қанымен жанасқанда адамнан адамға жұғады.

Ауылшаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысатын адамдардың (бақташылар, жанұялары, сауыншылар,мал соятын жұмысшылар) Конго- Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыру қауіпі жоғары.

Мал жүнін қырқу кезінде  абайсызда кенелерді кесу немесе жаншу арқылы кене қаны адамға шашырауы жиі кездеседі, шашыраған кене қанымен  тері және ауыз, көз шырышты қабығы арқылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының вирусы жұғуы мүмкін.

Сондықтан қырқын кезінде арнайы киім, көзәйнек кию қажет.

Кенеден сақтанудың қарапайым  үрдісі:

Табиғатқа, далаға, өрістерге шыққанда алдын-алу шараларын сақтай барған жөн, мысалы  дененің ашық жерлерін  барынша жауып киіну керек, жабық аяқ киім кию кажет. Киім ашық түсті және бір түсті болғаны дұрыс, себебі ондай киімдерде кенелер жақсы көрінеді.

Денеге жабысқан кене анықталған жағдайда:

Қысқышпен жақсылап ұстап немесе мықты жіппен шайқай отырып ақырын шығару керек. Теріде тұмсығы қалып кеткен жағдайда, тікенді суырғандай суырып алып, орнына йод тұнбасын жағу керек. Кенені қауіпсіздік техникасын сақтай отырып алу қажет, жалаң қолмен ұстауға болмайды.

Кене шаққан жағдайда дереу бақылауға алу үшін медициналық қызметкерге хабарлау керек.

Кенеден абай болыңыз!

Өзіңізді және өз отбасыңызды Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтаңыз!

Қ.Байбосын, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау

және қадағалау бөлімінің жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.