ЕРЕКШЕ САЯСИ МАҢЫЗЫ БАР АЙРЫҚША ШЕШІМ

0

Референдум әр қазақстандыққа өз пікірін білдіруге, мемлекеттік басқару процесіне араласуына мүмкіндік береді. 5 маусым күні өз таңдауымды жасадым.

Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар мемлекеттік құрылысты нығайтудың жаңа тарихи кезеңі, ал бүгінгі жарияланған конституциялық реформаға байланысты референдум туралы шешім Президент Жолдауының жүйелі жүзеге асырылып жатқанының айғағы деуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуін телеарналардан тыңдадым.  Мемлекет басшысы өз үндеуінде «Ата Заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді.

Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек.»-  деді. Мемлекет басшысының үндеуін маңыздылығын түсініп,  жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын.

Қ.Тлеубаев, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.