ЕГІСТІК АЛҚАП – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

0

Сарысу ауданында бүгінгі күнге аудан бойынша 839 шаруа қожалық тіркелген. Оның ішінде, 405 шаруашылық егін шаруашылығымен

айналысады.

Оларға тиесілі егістік алқабының көлемі-24 473 гектар. Егістік жердің 98,1%-ы (24020 га) игерілді. 2022 жылдың өнімі ретінде орналастырылған ауыл шаруашылығы дақылдары:

Күздік бидай — 4 500 гектар

Жаздық арпа — 4 000 гектар

Дәндік жүгері — 1 200 гектар

Майлы дақылдар — 8 300 гектар

Картоп — 40,0 гектар

Көкеніс дақылдары — 270 гектар

Бақша дақылдары — 360 гектар

Мал азығы дақылдары — 5 350 гектар. Қалған 453 гектар жер сүр көтеруге қалдырылды.

Тыңайтқышпен қамтамасыз ету

Ағымдағы жылы 1 550 тонна тыңайтқыш алу жоспарланып, егістік жердің 13 000 гектар жер алқабы (жалпы егістіктің 54,0%) тыңайтылатын болады. Бүгінгі күнге 1240 тонна тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасалып,  тонна тыңайтқыш алынды.

Техникалардың қатысуы

Көктемгі егіс дала жұмыстарын жүргізуге 157 дана арнайы техника (оның ішінде: 85 дана трактор соқасымен, 54 дана дән сепкіш, 18 дана дискілі топырақ өңдеу құрылғылары)  қатысты.

Тиісті дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 715 тоннадизель отынының есебі дайындалып, ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылып, босату бағасы 1 литріне 200 теңге болып белігіленді. Бүгінгі таңда 520 тонна дизель отыны шаруашылықтарға 200 теңгеден таратылды.

Айналым қаражатын толтыру

«Кең дала» бағдарламасымен 15 шаруа қожалық 50,0 млн. теңге көлемінде көктемгі дала жұмыстарына несие қаражатын алды.

Жоғары сұрыпты тұқым егу

2022 жылдың жаздық өнімі ретінде себілген ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының жалпы мөлшері 955 тоннаны құрады. Оның ішінде 730 тонна арпа, 202 тонна мақсары, 31 тонна дәндік жүгері және 32 тонна жоңышқа тұқымы. Элита тұқымы 77 тонна, І – репродукциялы тұқым 305 тонна, ІІ – репродукциялы тұқым 428 тонна және қалған 145 тонна тұқым ІІІ – репродукциялы.

Үй іргесіндегі жерлерді игеру

Аудандамыздың Жаңатас қаласы және 9 ауылдық округінде аулалардың саны 5099. Оның ішінде үй іргесіндегі жерлеріне ауыл шаруашылығы (бақша, көкөніс) дақылдарын егумен айналысатыны 3691 аула (72,4%). Сол аулаларға тиесілі үй іргесіндегі егістікке жарамды жер көлемі 332,2 га (орташа есеппен әр аулаға тиесілі жер көлемі 0,09 га).

Игерілмеген аулалар саны 1408 (27,6%). Оның ішінде 204 аула бос, яғни тұрақты тұрғыны жоқ болуына байланысты 18,3 га жер және басқа да себептермен 1204 ауланың 108,4 га жері игерілмеген. Оның ішінде сумен қамтылмаған аула, жалғыз басты кісілер, қарт, зейнеткер кісілер және үй іргесіндегі жерлерді басқа да мақсатта пайдаланылуда (қора жай салу, құрылыс жұмыстарын жүргізу және т.б).

Аудан бойынша игеріліп отырған 3691 аулаға тиесілі жер көлемі 332,2 га. Жалпы аулаларда 32 га картоп, 204,6  га көкөніс (қызанақ, қияр, бұрыш және т.б.), 62,5 га бақша дақылдары (қауын, қарбыз және асқабақ), мал азығы үшін 20,0 га жоңышқа және 13,1 га дәндік жүгері орналастырылған.

Бұдан бөлек, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, 6 ауылдық округтен 11 азамат 9,8 га алқапқа картоп және көкөніс (сәбіз, пияз) дақылдары орналастырды. Атап айтқанда, Байқадам а/о 0,3 га, Игілік а/о 4,0 га, Жаңаталап а/о 2,0 га, Жайылма а/о 1,5 га, Жаңаарық а/о 1,0 га және Түркістан а/о 1,0 га алқапты қамтыды.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.