ТАҢҒАЖАЙЫП КІТАПХАНА

0

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні Орталық саябақта Жаңатас қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында  «Жаз. Балалар. Кітап» атты жазғы оқу жобасы библиодайвингінің ашылу салтанаты болып өтті.

Іс-шарада  аудан әкімінің орынбасары Н.Нұралиев  пен Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов құттықтау сөз сөйлеп,балаларға сый- сияпат  жасады. «Таңғажайып кітапхана»  кітапхананың белсенді оқырмандарының флешмобымен басталды. «Ардақ тұтар ұлылар» атты А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Д. А. Қонаев атындағы  орта мектебінің жоғары сынып оқырмандарының «Ұлт  ұстазы» атты қойылымы балаларға ұсынылды. «Жаз қызығы кітаппен » көңілді қызықты минуттар айдарында  балалар түрлі ойындар мен тик-ток тренд биін билеп, Сайқымазақпен, Аладдинмен естелік  фотокамика жасады.»Кітап кейіпкерінің сиқырлы әлемі» атты әдеби композициясына мектеп жасына дейінгі кітапхананың белсенді оқырмандары И.Марат, Ә.Серікбай,фӘ.Жұпарбек, Е.Бақытжан, Қ.Иманәлі жатқа өлең тақпақтарын айтып берді. «Кітаппен бірге өсеміз» атты айдарда ән, күй мен биден шашу шашылды.Шара соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А. Жолмаханова балаларды жазғы оқу жобасының ашылуымен құттықтап, іс-шараға белсенді қатысқан оқырмандарды марапаттады. «Кітап әлемі» атты кітап инсталлияциясымен кітапхана қызметкері Қ. Бекеева таныстырды.

Мереке кең көлемде тойланды

Мереке күні Қамқалы ауылдық округінде әкім аппаратының ұйымдастыруымен кең көлемде іс-шара өтті.

 

Іс-шарада округ әкімі М.Төлеутай ата-аналар мен бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, балаларға деген қамқорлық тек осы күндерде ғана емес, үнемі көрсетіліп тұрған дұрыс екенін жеткізіп, үш шағын орталықтың тәрбиеленушілеріне ойыншықтарды сыйға тартты. Білім беру ошақтарында мерекелік іс -шара ұйымдастырылып, әуелете ән шырқалып, мың бұрала би биледі. Сондай –ақ бүлдіршіндерге тәтті балмұздақ  таратылды.

Байқау өтті

Досбол орта мектебінде клуб меңгерушісінің ұйымдастыруымен Халықаралық балалар күні мерекесіне және «2022 — Балалар жылы» аясында «Балапан жұлдыз» аймақтық ән-би байқауы өткізілді.

Байқауда Шағалалы негізгі, Көкдала бастауыш және Досбол орта мектептерінен қатысқан 7-14 жас аралығындағы балалар ән, би, өлең оқу кезеңдері бойынша бақтарын сынады. Сайыс нәтижесінде  бас жүлдені Досбол орта мектебінің 5-сынып оқушысы Махамбет Гүлмарал қанжығасына байлады. 1-орынды Амангелді Аделя иеленсе, 2- орынды Асылхан Әлихан, 3-орынды Бегалы Инабат  қанағат тұтты. Жеңімпаздар Досбол ауылдық округі әкімінің Алғыс хатымен   марапатталды. Сондай –ақ байқауға қатысқан бүлдіршіндерге мекеме қызметкерлері тарапынан сыйлықтар берілді.

Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. «Оқу мәдениеті — өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.

Жоба аясында барлық мектептерде іс-шаралар ұйымдас- тырылып кітапхана оқырмандары белсенділік танытуда. Осындай іс- шара Жаңаталап орта мектебінде де кітапхана меңгерушісі Д.Оралованың ұйымдастыруымен болып өтті.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы қорытынды есеп-жиынында мектеп директоры Б.Сағындықов сөз  сөйлеп, жалпы мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін мектепте көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығын, осы жоба аясында оқушылардың поэзияға, көркемсөз оқуға деген қызығушылығы артып, халық ақындарының шығармаларын жаттау, ұялы байланысқа үңіле бермей бос уақыттарында әдеби кітап оқуға қызығушылығы оянатынын айтып өтті.Сонымен қатар, іс-шарада Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Темірлан Амандықұлы Абдраев «Оқуға құштар мектеп» жобасына белсене қатысып,»Үздік оқырман» атанған Жаңаталап орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бейбіт Шекербекті ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Өз кезегінде мектеп және кітапхана ұжымы ауыл әкімі Т.Абдраевқа «Оқуға құштар мектеп» жобасына атсалысып қолдағаны үшін алғыстарын білдірді.

Камели Сүлейменова,

 «SARYSÝ»

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.