МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР- ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ

0

Биыл еліміз Мемлекеттік рәміздердің  30 жылдығын атап өтуде. Бұл Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі.

Елтаңба, Ту мен Әнұран – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары.

Қыран бүркіттей күш-қуатымызды бейнелей желбіреген байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымыз бен шаңырағымыздың беріктігін паш етуде.

Бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманын болашаққа асқақтата көтерген Әнұранымыз әрбіріміздің жүрегін елжіретіп, бірлік пен татулыққа үндеуде.

Бүгінде көк байрағымыз БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты халықаралық беделді ұйымдардың штаб-пәтерлерінде желбіреп тұр.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш.

Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздердің мәртебесі арта берсін!

Тәуелсіз еліміздің көк Туы аспанымызда желбірей берсін!

Ақмарал Мырзахмет, Жамбыл облысы  «Тілдерді оқыту орталығының»

Сарысу аудандық бөлімшесінің оқытушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.