ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жарияланған референдум қазақстандықтардың көкейінде жүрген  саяси реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Ауданымызға референдумды қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штаб мүшелері жұмыс сапарымен келіп, Жаңаарық, Жаңаталап  ауылдық округтеріне қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында   қоғамдық штаб мүшелері жалпыхалықтық референдум өткізудің алғышарт- тарын, ұсынылған   реформалардың ерекшеліктерін, демократиялық түрленудің маңызын қарапайым әрі түсінікті сөздермен жеткізді. Сондай-ақ  алдағы референдум-  жекелеген топтарды күшейтуді  емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды  көздейтіндігін жеткізіп,  5 маусымда дауыс беруге шақырды. Кездесуде ауыл тұрғындары белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.

Кітап-білім бұлағы

«Балалар жылы» аясында  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаевтың  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес,  білім және ғылым министрлігінің  «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жыл бойы атқарылған жұмысты қорытындылай келе,  Мұхтар Әуезов атындағы мектеп- гимназиясында  салтанатты жиынында кітапхананың үздік оқырмандарына демеушінің көмегімен  бағалы сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды. Атап айтар болсақ 10 «Ә» сынып оқушысы А.Зейнетаева және  8 «Б» сынып оқушысы Т.Қыдырбайға сумка, кітаптар тапсырса, 3 «А» сынып оқушысы   Әділ Нұрхатқа самокат, кітап сыйлады. Өз кезегінде оқушылар демеушілік көмек көрсеткен азаматтарға  алғыстарын білдірді.

Волейболдан жарыс өтті

Тоғызкент ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Балалар жылы» аясында, «Діни экстремизм мен терроризмнің» алдын алу мақсатында волейболдан 2006-2007 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында облыстық ашық  турнир өтті.

Аталмыш турнирге Жуалы, Байзақ,Талас, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандарынан 13 команда қатысып, өз бақтарын сынады.

Жарыс нәтижесінде Тараз қаласы командасы         І-орынды қанжығасына байласа, Тоғызкент ауылындағы спорт мектебінің командасы ІІ- орынды жеңіп алды. Ал Жайылма ауылындағы спорт мектебінің командасы    ІІІ-орынды иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарымен марапатталды.

Сәулет Есқараев,

 «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.