ТУЫ БИІК ЕЛДІҢ — ТҰҒЫРЫ БИІК

0

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан Республика- сының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – біздің тарихымыздың шынайы көрінісі, мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Еліміздің ұлттық рухы мен тарихын, тәуелсіздігімізді айғақтайды.

Сондай-ақ, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылуына төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.

Еліміздің ежелден аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс.

Мемлекеттік рәміздер, бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде – ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді.

Ресми халықаралық іс-шараларда біздің Отанымыздың Гимні шырқалса немесе көк Туымыз көкке көтерiлгенде, әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриотизм сезімін сезінеді. Рәміздерге деген құрмет – ел болашағына деген сенімінің өлшемі.

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет, мағынасын түсіну ­ әрбір Қазақстан азаматының борышы болып табылады. Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін қадірлеп, құрмет тұтуы қажет.

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, Туымыздың мәртебесі биік болсын!

А.Сейналиев,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.