ӨЛКЕНІҢ ГҮЛ ЖАЙНАҒАН БАЛҒЫНДАРЫ
„Балалар жылы” аясында Игілік ауылдық клуб үйінде Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің 2021-2022 оқу жылының „Өлкенің гүл жайнаған балғындары „ атты қорытынды есеп беру кеші өтті.
іс-шараға ардагер ұстаздар Б.Ильясов, А.Нұрланова, М.Нәшірбаев және ата аналар, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Қорытынды есеп беру кеште аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Күленова құттықтау сөз сөйледі.
Өнер мектебінде музыка, көркемөнер, хореография бөлімдері жемісті жұмыс жасап,өнерлі өрендерді тәрбиелеп келеді.
Концертте көптеген республикалық, халықаралық, облыстық, аудандық байқау- лардың жеңімпаздары, мек- тептің лауреат оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті.Жүрек жарды өлеңдерін оқып, мың бұрала би биледі.