Өнеріңді туған халқыңа арна
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде «2022 жыл — Балалар жылы» аясында «Жаңатас қалалық балалар өнер мектебі» КММ-нің «Өнеріңді туған халқыңа арна» атты есеп беру кеші болып өтті.
Аудандық мәдениет үйінің фойесіне «Бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің мұғалімдері Жұлдызай Төлепбергенова, Қанат Хусайнова, Айнұр Омарова, Ботагөз Қуандықова, Бақыт Сүлейме- нов, Хамит Керімбаев- тардың ұйымдастыруымен «Әлем балалардың көзқарасымен» тақырыпта мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарына есеп беру көрмесін жасады. Көрмеге 84 шығармашылық жұмыс қойылды. Кеш басталмастан алдын көрермендер «Ақжелең», «Абырой» республикалық байқаулары жеңімпаздарының сызған суреттерімен, қолдан жасаған бұйымдарымен танысты.
Бұл жұмыстар мұғалімдер мен оқушылардың бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер түрлерінен қамтылды. Ішінде ауданға әлі келмеген «Кинусайга» техни- касы да көрермендер мен басқа мекеме әріптестерін тәнті етті. Осы оқу жылында бөлім 52 түлекті ұшырып, жаңа оқу жылына өнер-білімге құштар оқушыларды шақырады және күтеді. Бөлімнің ағымдағы оқу жылында көптеген республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Кеш «Жаңатас қалалық балалар өнер мектебі» өнерпаздарының «Өнеріңді туған халқыңа арна» атты тақырыптағы концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Сахна шымылдығы бала- лар хорының орындауында, көркемдік жетекшісі, әрі дирижері Киккас Оксана, Альбина Кабдрахманова сүйе- мелдеуімен сазгер Бақытжан Байқадамовтың «Би» күйімен ашылды. Сонымен қатар осы орындауда Михаил Глинканың «Попутная песня», «Песня детей Казахстана» әндерін солистер Жансая Мұқтарқызы, Кайдыкин Нұржан тамылжыта шырқады.
Сахнада «Жас музы- канттар» 55-ші облыстық фестиваль-байқауының І-орын, «Ақжелең» республи- калық байқауының І-орын жеңімпазы Еңлік Ахметжан Ермұрат Үсеновтің өңдеуінде «Шалқыма» және «Жас музыкантттар» 55-ші облыстық фестиваль- байқауының І-орын жеңімпаздары, қобызшылар ансамблі Георгий Свиридовтің «Романс» шығармасын, «Ақжелең» республикалық байқауының ГРАН-ПРИ иегерлері, Өмірбек Нұрбол жетекшілік ететін «Жігер» домбырашылар ансамблі Қуаныш Нүкішевтің «Шабыт», Ермұрат Үсеновтің «Кербез сұлу» шығармаларын орындады.
Сонымен қатар, Әнуарбек Әмір «Балбырауын», Абдулхамит Райымбергенов «Секіртпе», ең кішкентай орындаушы, Польша, Канада, Бішкек қалаларында өткен Халықаралық байқаулардың жүлдегері Айтмұхаммет Айсана «Шуточка», мұғалімдер ансамблі «Алаш аманаты», биылғы оқу жылының түлегі Арина Агафонова «Шторм», Ақтоғай ауылдық бөлімшесінің домбырашылар ансамблі «Қолбасшы», Ақтоғай ауылдық бөлімшесінің оқушысы, «Ақжелең» респуб- ликалық байқауының І-орын иегері Тілеубай Жаннұр Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» шығармаларын нақы- шына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кеште 20 жылдан астам уақытта облыстық байқауларда бас бәйгені иеленген, Республикалық байқаулардың лауреаттары, биылғы оқу жылында 55- ші «Жас музыканттар» байқауының І-ші орын иегерлері, ауданның, облыстың мақтанышы, Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, оркестрдің көркемдік жетекшісі, әрі дирижері Нұрлан Әнуарбекұлы Байдильдаев «Ақжелең». «Маш ботой», «Махамбет». «Маленька ночная серенада» шығармаларын, әнші Мұқтарқызы Сағыныш «Бұлбұл» әнін тамылжыта шырқап, тыңдармандарын бір серпілтіп тастады.
Талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінгі күнге жеткен киелі қара домбыраның және қобыздың сүйемелдеуімен орындалған әсем ән мен тәтті күйді тыңдап, рухани азық жинап қайтқан көрермендер «Жаңатас қалалық балалар өнер мектебі» өнерпаздарының өнерлеріне тәнті болып тарасты.