ХАТТАМАЛАРДЫ ТОЛТЫРУДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ
Аудандық сотта Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру кезінде, көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу бойынша туындайтын өзекті мәселелер бойынша семинар өтті.
Шараға аудандық соттың төрағасы М.Үркімбаев, кеңсе меңгерушісі Г.Несіпбекова, аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасы әрбір сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкер өз қызметін атқару барысында заң бұзушылыққа жол бермей, Қазақстан Республикасының заңнамасын ұстануы қажет екенін, ал құқық бұзушылықты анықтаған уәкілетті мемлекеттік орган өз кезегінде тиісті шара атқарып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттаманы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес толтыру қажеттігін айтып өтті.
Семинарға қатысушылар талқыға салынған мәселелердің қайталануына жол бермеу мақсатында өз ұсыныстары мен ой- пікірлерін білдірді.
„SARYSÝ-Aqparat”