СЕМИНАР ӨТТІ

0

Аудандық  сотта  «Істер бойынша сот хабарламаларын жіберу тәсілі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда  кеңсе меңгерушісі Г.Несіпбекова сот өндірісінде қаралған істер бойынша статистикалық мәліметке тоқталып, ең алдымен істер бойынша хат- хабарламаларды жолдау кезде алгоритмді ұстану қажеттігін, ең алдымен басымдықта электрондық пошта, Сот кабинеті, ЭҚАБЖ сервисі немесе SMS хабарлама абоненттік ұялы байланыс нөміріне жолдау керектігін, егер осы аталған мүмкіншіліктер іске қатысушы тараптарда мүлдем жоқ болған жағдайда ғана ГЭП жүйесі арқылы жолданатынын айтты.

Сонымен қатар, іс бойынша қатысушыларға жолданатын хабарламалардың мазмұны қысқа әрі нақты, негізгі ақпаратты қамтуы қажеттігін және сот бойынша бір тәжірибе қалыптастыру керектігін айтып, хабарламаларды бір тәсілмен, яғни СМС жолдануын қамтамасыз ету жағын көрсетті. Сондай-ақ, SMS мәтінін қате қалыптастыру фактілеріне, атап айтқанда, артық және қайталанатын ақпарат пен сот актілерінің мәтіндерін салынуына   жол бермеу керектігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.