ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республика- сындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19-сәуірі күні Байқадам ауылдық округінде мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындарымен «Ономастика мәселелері» тақырыбында кездесу жиыны өткізілді.
Кездесуге аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы М.Қадырбекова қатысты. Шарада М.Қадырбекова ономастиканың өзекті мәселелерін тұрғындарға жеткізді.
Атап айтқанда: объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алып жұмыс атқару қажеттігі, қазіргі таңда көше және нысандарға тұрғындар арасында атау беру бойынша бірқатар ұсыныстар келіп түсіп жатқандығын, алайда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 25-5 бабына сәйкес жұмыс атқару қажеттігі және кісі есімімен атау беру жұмыстары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «555 тарихи тұлғалар» тізіміндегі атаулар ғана басшылыққа алынатынын нақты айтып өтті.
Шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.
«Sarysý-Aqparat»